Фармацевтиканы дамыту үшін ₸39,5 млрд жеке инвестициялар салынады
Шымкентте фармацевтикалық өндірісті кеңейту үшін 39,5 млрд теңге жеке инвестициялар бағытталады. Бүгін Үкімет Денсаулық сақтау министрлігі мен «Химфарм» Акционерлік қоғамы арасында жасалған инвестициялар туралы келісімді мақұлдады. Келісім халықты неғұрлым қолжетімді дәрілік препараттармен қамтамасыз ету және фармацевтика индустриясындағы отандық дәрі-дәрмек өндірісінің үлесін ұлғайту жобасы аясында жасалды. Жаңа өндірістің бірінші кезеңін іске қосу 2029 жылдың соңына жоспарланып отыр. Жалпы алғанда, фармацевтикалық өнімдер өндірісі саласында 316,3 млрд теңге сомасына 6 инвестициялық келісім жасалды.
Аслан Қинаятов, Денсаулық сақтау министрлігінің департамент директоры:
Жаңа өндірістік қуаттар онкологиялық, жүрек-қан тамыр, инфекциялық және созылмалы ауруларды, соның ішінде туберкулезді емдеуге арналған 38 түрлі дәрілік затты шығаруға мүмкіндік береді. Өндіріс халықаралық сапа стандарттарына сәйкес келеді.
Автор
Айжан Иманғали
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Атырауда Халықаралық шахмат турнирі басталды
13.10.2026, 20:29
Ұстаз Қанипа Бітібаеваның әдістемесі мектептерде пайдаланылады
13.10.2026, 20:26
Сарапшылар: Қазақстан Конституциясы сөз бостандығына кепілдік береді
13.10.2026, 20:08
Әлем жаңалықтарына шолу
13.10.2026, 20:06
Жедел жәрдем бригадасының қозғалысын картадан бақылауға болады
13.10.2026, 20:05
Бельгия Королі мен Патшайымы қазақтың ұлттық дәстүрлерімен танысты
13.10.2026, 20:05
Бельгиямен байланыстың жаңа белесі басталды
13.10.2026, 20:05
«Алтын виза» енгізіледі: Құрылтай көші-қон заңнамасын жетілдіруге кірісті
13.10.2026, 20:04