Түркістан облысында жолды бүлдіретіндерді жазалау күшейтілді
Түркістан облысындағы автомобиль жолдары жүкті артығымен тиеген ауыр көліктердің кесірінен бүлінген. Асфальтты тоздырған көліктер өңір қазынасына салмақ түсіріп отыр. Артық жүк тиегені үшін былтыр жүргізушілерге 83 млн теңге айыппұл салынған. Жүк көліктерінен жиналған салық 85 млн теңге. Ал бүлінген жолды жөндеуге кеткен шығын 12 млрд теңгеден асып кеткен. Бұл жиналатын салықтан жүз есе көп.
Ербол Ахметов, Түркістан облысы бойынша көлік бақылау инспекциясының басшысы:
Мысалы үшін бір автокөлікке әр осіне 8 тоннадан 16 тоннаға шейін жүк артуға болатын болса, екі осьтік мәшинеге олар 40 тоннаға дейін жүк артады. Осындай заңбұзушылықтар бойынша айыппұлдар әр көлікке ең көп сома бағасы 4 млн 700 мың теңге салынды. Ол бір көлікке. Ол 10 тоннадан артық салмақ алып жүргені үшін салынған.
Жауаптылар енді жолды бұзуға себеп болғандарға нақты айыппұлдар сала бастады. Өткен жылы Арыс қаласында орнатылған автоматтандырылған өлшеу құрылғылары көліктерге тиелген артық жүктің салмағын анықтап, мәлімет орталықтандырылған жүйеге түсуде. Дәл осындай төрт құрылғы наурыз айынан бастап Сайрам мен Келес ауданында іске қосылады.
Серікбай Жалайыров, Түркістан облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы басшысының орынбасары:
Өткен жылмен есептегенде 2720 құқықбұзушылықтар анықталып, 437 миллион теңге айыппұл есептелінген. Бүгінгі күні 189 миллион теңгесі үкіметке өндіріліп отыр. Айыппұл көлемі енді 150 мың теңгеден 3 млн теңгеге дейін шамада.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы