Сенат депутаттары өңірлердегі еңбек адамдарымен кездесті
Парламент
Сенатының депутаттары Шымкентте №2 қалалық аурухана ұжымымен кездесті.
Спикерлер медицина қызметкерлеріне жаңа Ата заң жобасының басты бағыттарын
түсіндірді. Кездесу өзара пікір алмасу форматында өтті. Әсіресе адам құқықтары
мен бостандықтарын қорғау, әлеуметтік әділеттілікті қамтамасыз ету мәселелері
кеңінен талқыланды.
Айгүл Қапбарова, Сенат депутаты:
Қазіргі таңда енді азаматтар әділеттілікті қалайды. Және біз қаншалықты қорғалғанбыз деген мәселелер, сондықтан да жаңа Конституцияның преамблуасынан бастап ең басты идея ол – азаматтардың құқығын қорғау мәселесі нақтыланған.
Сонымен қатар Жетісуда Сенат депутаттары колледж ұжымымен
кездесті. Жаңа Конституцияның негізі – адам және оның құқықтары, ал
тәуелсіздік, аумақтық тұтастық пен бірлік өзгермейтін құндылық ретінде
бекітілгені түсіндірілді. Мұғалімдер мен студенттер өз сұрақтарын қойып, жауап
алды.
Амангелді
Есбай, Сенат депутаты:
Елде осындай саяси белсенділік жоғары болса, халық толығымен саяси процестерге қатысатын болса. Бұл еліміздің дамуына болашағымыздың өзгеруіне үлкен септігін тигізеді.
Автор
Ернұр Уәлихан
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Әділет» партиясы Алматыдағы жаңа экологиялық бастамаларды қолдады
09.10.2026, 22:15
Әлеуметтік қолдаудың жаңа мүмкіндіктері
09.10.2026, 21:30
Президент Каспий маңы елдерінің ғылыми әлеуетін біріктіруге шақырды
09.10.2026, 20:35
Театр көрермені көбейіп келеді
09.10.2026, 20:25
Қос марапат – ұлттық мәдениетті ұлықтаудың жаңа белесі
09.10.2026, 20:20
Орталық Азиядағы алғашқы кітап оқу марафоны
09.10.2026, 20:19
Әр азамат елдік мәселелерді талқылауға үлес қоса алады
09.10.2026, 20:18
Жамбыл облысындағы Билікөл тартылып барады
09.10.2026, 20:16