Қарағанды облысында тауар бағасын бақылау күшейтілді
Қарағанды облысында 15 кәсіпкер әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Оларға жалпы сомасы 900 мың теңгеден астам айыппұл салынған. Тексеру барысында кәсіпкерлер сүт, күріш, тауық еті, күнбағыс майы сынды тауарларды шекті бағадан жоғары сатқандығы анықталды. Осыған байланысты Қарағанды облысында азық – түлік бағасына бақылау күшейтілді. Өңірде 4 мыңнан астам бөлшек саудамен айналысатын сауда желілері мен дүкендер бар. Мамандар кәсіпкерлік нысандарына тұрақты түрде мониторинг жүргізуде.
Абзал Рахымбаев, облыстық сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің басшысы:
Оның ішінде 6 көтерме жеткізуші, 4 супермаркет және 5 шағын дүкен болып табылады. Бұл жерде айта кетерлігі қазіргі осы заңнама аясында заңды бұзған кәсіпкерлерге бұрынғыдай ескерту деген жоқ. Бірден фактілер анықталған жағдайда айыппұл салынады. Мәселен алма бойынша көтерме жеткізуші оны 300 теңгеден алып, оны 710 теңгеден сатқан.
Автор
Жандос Бақытұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
ХХ Жазғы Азия ойындары: Спортшылар лайнерде тұрады
07.09.2026, 20:30
Дарынды оқушы –ұлт болашағы
07.09.2026, 20:28
Дала додасында дараланғандар
07.09.2026, 20:16
Омарташы мамандарды оқытпай, бал экспорты оңалмайды
07.09.2026, 20:16
Атырауда резервтегі әскери міндеттілер дайындықтан өтіп жатыр
07.09.2026, 20:15
Сауалнамаға қатысқандардың 82% қазіргі өміріне қанағаттанады
07.09.2026, 20:11
288 мектепте стоматологиялық кабинет жұмыс істейді
07.09.2026, 20:09
Әлем жаңалықтарына шолу
07.09.2026, 20:09