Басты Жаңалықтар Михаил Шайдоров гала-шоуда өнер көрсетеді

Михаил Шайдоров гала-шоуда өнер көрсетеді

Италияда өтіп жатқан Олимпиада ойындары да аяқталуға жақын. Бүгін ерлер арасында 50 шақырымдық жаппай сөре форматындағы жарыс өтті. Үш спортшымыз да жүлдеге ілікпеді. Фристайл-акробатикадан командалық сайыста да олжа жоқ. Сондай-ақ конькимен жүгіру спортындағы соңғы олимпиадалық жарыс – әйелдер арасындағы жаппай сөре басталып жатыр. Қазақстан атынан Елизавета Голубева бақ сынайды. Бұдан бөлек, түн ортасынан кейін мәнерлеп сырғанаудан гала-шоу көрсетілімдері өтеді. Бұл жарыс емес, көрермендер үшін арнайы бағдарлама. Онда чемпионымыз Михаил Шайдоров Олимпиадада көрсетілмеген жаңа бағдарламасын ұсынады. Қазақстан құрамасының еншісінде бұл Олимпиадада әзірге Михаил Шайдоров алған бір алтын медаль ғана бар. Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов спортшылар мен жаттықтырушыларды қолдап, алдағы жоспар жайлы да пікір білдірді.

Бөлісу