«Алтын адамның» әлемдегі мұражайларға шеруі» Өзбекстанға жетті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Алтын адамның» әлемдегі мұражайларға шеруі» Өзбекстанға жетті

15.04.2019

Елбасы «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласында Сақ жауынгерін ерекше атап өтіп, тарихымызды тереңірек зерттеуді тапсырған еді. Соның негізінде қолға алынған «Алтын адамның» әлемдегі мұражайларға шеруі» Өзбекстанға жетті. Қос елдің Мәдениет министрлігі бірлесіп ұйымдастырған шара аясында халықаралық баспасөз мәслихаты өткізіліп, онда көрменің маңыздылығы жан-жақты түсіндірілді.

«Алтын адам» Қазақ тарихының сақ дәуірінен бастау алатынын дәлелдеді. Ұлттық тарихымызды жаңғыртып, түп-түқиянымызға жаңаша көзқарас қалыптастырды. Өзбекстанның Шығармашылық музейінде өткен көрмеге «Алтын адаммен» бірге Қазақстан Республикасының Ұлттық музейі қорынан 100-ден астам жәдігер қойылды. Көрменің негізгі экспонаты Қазақстанның символына айналған - «Алтын адам» болды.

Камола Акилова, Өзбекстан мәдениет министрінің орынбасары:

Бұл көрме біздер үшін Қазақстанның жаңа қырын ашып берді. Қазақстандағы көшпенді халықтың өркенниетінің мәдениетін көрсетті. Бұл біздің ұлттық мәдениетімізді толықтырады. Өйткені, заманауи үрдісте мәдени диалог қана жаңа мәнеди өнер туындыларының дүниеге келуіне негіз болады. Оған қоса, қос елбасының бір-біріне деген сенімді қолдаулары мәдени байланысты қарқынды жандандырады.

Хабарламаларға жазылу