Кәріс баласы 60-тан аса күй тартады
Бұл - Махамбеттің рухты әрі күрделі туындыларының бірі «Жорық» күйі. Ал оны нақышына келтіре орындап, төгілтіп отқан жас өнерпаз - кәріс ұлтының баласы - Марк Ли.
Қостанайлық жас дарын кішкентайынан домбыраны жанына серік етіп, қазақ өнерін дәріптеп келеді. Бүгінде ол 60-тан аса күйді еркін ойнайды.
Марк Ли, музыкалық колледж студенті:
Махамбет бабамыздың күйлері өте рухты, адам бойына қайрат, жігер береді. Сол үшін жаныма қатты өте жақын болып келеді. Махамбет бабамыздың күйлерінің ішінде менің репертураымда «Жорық», «Жауға шапқан», «Жұмыр қылыш» атты күйлері бар.
Марктың қолына домбыра алып, ең алғаш күй шертуіне себепші болған нағашы атасы. Кейін музыкалық мектепте шеберлігін шыңдап, колледжге «Қазақ халық аспаптар» бөліміне оқуға түскен. Ұстазының айтуынша, қазір ол күй орындау техникасына ғана емес, оның мазмұны мен тарихына да аса мән береді.
Мұрат Хамитов, домбыра пәнінің мұғалімі:
Күйге деген икемі, жастайынан көрінді. Қазір есейгесін балада философиялық жағынан күйге кішкене көзқарасы басқа. Бұрын техникалық жағынан жақсы болса, қазір күйлердің мән-мағынасын түсініп ойнайды. Күйдің иірімдерін әдемілеп ойнағанда марқайып қаласың.
Автор
Мәдина Нағашыбай
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Гавайи аралдарының спорты Қостанайда дамып келеді
12.08.2026, 13:25
Алматыдағы сауда орталығында кітап береді
12.08.2026, 13:23
Оралда дропперлікпен айналысқан азамат сотталды
12.08.2026, 13:20
Аптап ыстық әзірге қайтпайды
12.08.2026, 13:17
Канадада орман өрті өршіп барады
12.08.2026, 13:15
Әлем халқы Күннің толық тұтылғанын тамашалауға әзірленіп жатыр
12.08.2026, 13:13
Эболадан қайтыс болғандар 2 мыңнан асты
12.08.2026, 13:10
Мажарстандағы студенттеріміз сайлауға белсене қатыспақ
12.08.2026, 13:07