Ұлттық құрама сырғымен жүгіру және шорт-трек бәсекесіне қатысады
Италияда өтіп жатқан қысқы Олимпиада ойындары аяқталуға жақын қалды. Бүгін ұлттық құрама үш спорт түрінен жарысқа қатысып жатыр. Өкінішке қарай, Ливиньода фристайл-акробатикадан ерлер арасындағы іріктеу сайысында жерлестеріміз жүлдеге ілікпеді. Енді бүгін қандай сайыс бар? Миланнан студиямен тікелей байланысқа шыққан әріптесім Азамат Бейбітұлынан анық-қанығын білейік.
Азамат Бейбітұлы, тілші:
Санаулы минуттардан кейін сырғымен жүгіру бойынша мың жарым метр қашықтықта әйелдер арасында жарыс өтеді. Онда спортшыларымыз Арина Ильященко, Надежда Морозова мен Елизавета ГОлубева өнер көрсетеді. Ал түнгі сағат 00:15-те шорт-тректен мың жарым метр қашықтықта Яна Хан мен Ольга Тихонова сайысқа шығады. «Qazsport» телеарнасынан жарыстарды тікелей эфирде тамашалап, жерлестерімізге бірге жанкүйер болайық. Сондай-ақ жаңа ғана мәнерлеп сырғанау бойынша Олимпиаданың чемпионы болған жерлесіміз Михаил Шайдоров өзінің финалдық жарыста киген киімін халықаралық олимпиада комитетінің музейіне салтанатты түрде табыстады. Михаил бұл костюмінің қазақстандық дизайнерлердің тіккененін және тарихи жеңісті одан әрі әрлей түскенін айтты. Салтанатты шараға Қазақстанның Олимпиада комитетінің президенті Геннадий Головкин де қатысты.
Автор
Азамат Бейбітұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Домбырадан эстрадаға дейін: Айзат Қарабекова ұлттық өнерді сахнада таныстырады
23.09.2026, 12:26
Қазақстанда AI MONTH 2026 басталады
23.09.2026, 10:24
Азия ойындарының жеңімпаздары елге оралды
23.09.2026, 10:08
Трамп Иранмен бейбіт келісім жасалуы мүмкін екенін мәлімдеді
23.09.2026, 10:08
Азиада: Спортшылар 4 медаль жеңіп алды
23.09.2026, 10:06
Қазақстан делегациясы БҰҰ 81-сессиясына қатысып жатыр
23.09.2026, 10:05
Құрылтай отырысы басталды
23.09.2026, 10:05
Түркияда жасөспірім оқушыларға оқ атып, 11 адам жараланды
23.09.2026, 10:04