Басты Жаңалықтар Аида Балаева: Адами капитал – жаңа Конституцияның басты басымдығы

Аида Балаева: Адами капитал – жаңа Конституцияның басты басымдығы

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінде жалпыұлттық коалиция мүшелері белсенді жастармен және IT саласының өкілдерімен кездесті. Делегацияны Премьер-министрдің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева бастап келді. Жиынға Мәжіліс депутаты Сергей Пономарев, Конституциялық комиссия өкілдері, қоғамдық институттар мен білім беру саласының басшылары, сарапшылар мен ғалымдар қатысты. Кездесуге студенттер, жас зерттеушілер және қалалық IT-бастамалардың қатысушылары жиналды. Басқосуда Аида Балаева жаңа Конституция жобасы ел дамуындағы жаңа кезеңді көрсететінін атап өтті. Білім, ғылым, мәдениет және инновация салаларына ерекше мән беріліп, ұлттық мәдениетті қолдау мен тарихи-мәдени мұраны сақтау конституциялық қағидат деңгейіне көтерілді. Бұл – Мемлекеттің болашағы табиғи ресурстарға ғана емес, ең алдымен білімді, зияткерлік әлеуеті жоғары азаматтарға сүйенетінін көрсетеді. Яғни сапалы білімге қолжетімділік артады, инновация мен IT саласына қолдау күшейеді, жеке деректер мен цифрлық құқықтар қорғалады, «Заң және тәртіп» қағидаты нақты бекітіледі.


Бөлісу