Басты Жаңалықтар Президент беделді америкалық компания басшыларымен кездесу өткізді

Президент беделді америкалық компания басшыларымен кездесу өткізді

Қасым-Жомарт Тоқаев-тың АҚШ-қа жұмыс сапары аясында ірі қаржы және өндірістік компаниялармен бірқатар маңызды келіссөздер өтті. Негізгі мақсат – инвестиция тарту, жоғары технология енгізу және стратегиялық серіктестікті күшейту.

Мемлекет басшысы U.S. International Development Finance Corporation атқарушы директоры Бен Блэкпен кездесті. Тараптар инвестициялық ынтымақтастықты кеңейтуге келісті. Әсіресе тау-кен өндірісі мен көлік-транзит инфрақұрылымын дамытуға басымдық берілді.

Нұрлан Жақыпов, «Самұрық-Қазына» ҰК» АҚ басқарма төрағасы:

Сондай-ақ Boeing корпорациясының басшылығымен кездесу өтті. Air Astana мен Boeing арасындағы ұшақ жеткізу туралы келісім жаңа кезеңге жол ашады. Жыл соңына дейін елімізге Boeing 787 Dreamliner ұшақтары жеткізілмек. Бұл Қазақстан мен АҚШ арасында тікелей әуе рейсін ашуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар SCAT әуе компаниясы қосымша ұшақтар сатып алуды жоспарлап отыр. Шымкент әуежайында техникалық қызмет көрсету орталығын ашу мәселесі де қаралды.

Инвестициялық әріптестік денсаулық сақтау саласында да жалғасты. Ashmore Group бас директоры Марк Кумбспен кездесуде халықаралық клиника салу жобасы таныстырылды. Жобаға Mount Sinai Health System тарту көзделген. Бұл бастама елдегі жоғары сапалы медициналық қызметтің қолжетімділігін арттыруға бағытталған.

Ал Mars компаниясы Алатау қаласында үй жануарларына арналған азық өндіретін зауыт салмақ. Инвестиция көлемі – шамамен 180 миллион доллар. Жоба ауыл шаруашылығы шикізатын терең өңдеуге және қосылған құны жоғары өнім шығаруға мүмкіндік береді.

Осылайша, сапар аясындағы келіссөздер инфрақұрылым, авиация, медицина және агроөнеркәсіп бағыттарын қамтыды. Бұл жобалар Қазақстан мен АҚШ арасындағы стратегиялық әріптестікті нығайтып, экономиканы әртараптандыруға серпін бермек.


Бөлісу