Павлодарда диірменші маманды тегін оқытады
Павлодарлық студенттер 40-тан аса жаңа мамандық бойынша білім алып жатыр. Биыл алғаш рет алып элеваторларға қажетті диірменшілер дайындалуда. Пилоттық жоба ретінде әзірге бір ғана колледжде оқу жүріп жатыр. Негізі осы салаға қажетті кәсіби мамандар даярлау қажеттілігі өңірдегі егін өсірумен айналысатын шаруашылқтар тарапынан туындаған. Сөйтіп бизнестің әлеуметтік сала алдындағы жауапкершілігі және мемлекеттік оқу орнымен іскерлік келісім арқасында қажетті оқу құралдарынан бастап, зертхана, технологиялық жабдықтарға дейін сатып алынды.
Нұрдәулет Тірнебек, студент:
Біз нанның қайдан келетінін білеміз. Нан бидайдан алынады. Біз нанды зерттеп, бидайды ұнға айналдырып, таза ма, қайдан келді - бәрін зерттеп шығарып отырмыз. Әрине бұл өте қиын мамандықтың бірі деуге болады.
Соңғы бес жылда аймақта егіс алқабының көлемі 30 пайызға ұлғайды. Жаңадан 4 элеватор салынды. Оларға кәсіби мамандардың қажеттілігі 70 пайызға жетіп отыр. Сондықтан өңірде алғаш рет диірменшілерді дайындауға мемлекеттік грант бөлініп, осы мамандықты таңдаған студенттер тегін жатақханада тұрады, ыстық тамағы беріледі.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы