Таңбаланған тауарлар Data Matrix коды арқылы тексеріледі
Елде сұйық май, тұрмыстық заттар, киік мүйізін және орман ағаштарын, медициналық бұйымдарды таңбалау жоспарланып отыр. Кей бағыттар бойынша пилоттық кезең басталып кетті. Мәселен 1 ақпаннан бері Қазақстанда мотор майларын, сондай-ақ сыра сусындарын міндетті цифрлық таңбалау енгізілді. Желтоқсаннан бері киік мүйізін таңбалау жобасы сынақтан өтіп жатыр. Ал биологиялық белсенді қоспалар, тұрмыстық газ баллондары, сұйытылған мұнай газы, сондай-ақ зергерлік бұйымдар бойынша пилоттық жобалар аяқталды.
Есте болса, 2020 жылдан бастап елде алғаш рет темекі өнімдері таңбаланды.
Осылайша бұл сала 95% цифрландырылды. Заңсыз айналымды анықтау 6 есе артты.
Яғни 2 млрдтан - 13 млрд теңгеге жуық заңсыз тауар айналымының жолы кесілді.
Салық түсімі 1,5 есе көбейді. Аяқ киім сегментінде де салық түсімі үш есеге
яғни 17 млрд теңгеге дейін өсті.
Дәрі-дәрмек таңбалауда да оң нәтиже берген. Денсаулық сақтау министрлігі
бюджет қаражатының 85 млрд теңгесін үнемдеп, 15 мыңнан астам заңбұзушылықты
анықтаған. Тауарларды таңбалау – көлеңкелі экономиканы азайтады. Нәтижесі
отандық өндірістің дамуына сеп. Маркировкадан
өткен өнімдерді біріңғай оператор бақылайды. Ол тауар елге келгеннен бастап
қайда жеткізілді, кімге сатылды, бәрі қадағаланады.
Бикеш Құрманғалиева, TAÑBA бірыңғай тауарларды таңбалау және қадағалау операторының бас директоры:
Киік сияқты киелі жануар дәл біздің елімізде көбейіп жатыр. Олардың мүйізін сату үлкен бизнес. Сондықтан бұл салада таңбалау қажет деп есептейміз. Киіктердің жойылып кетпеуі қандай маңызды мәселе болса, тым көбейіп кетпеуі де соншалықты маңызды. Ауылшаруашылығына зияны тимес үшін, баланс сақталуы керек. Экология министрлігі осы бағыттағы жобамызды Халықаралық CITES ұйымының алдында қорғады. Енді біздің ел барлық киік мүйізін таңбалаудан өткізеді. Осылайша Халықаралық ұйым ол мүйіздердің қайда сатылғанын, жыл сайын қанша киік атылғанын бақылай алады. Сондықтан Таңбалау жобасы тек ел экономикасына емес, экологияға да пайдалы деп айта аламын.Қазір Naqty Onim қосымшасы іске қосылды. Әр тұтынушы тауардағы Data Matrix кодты сканерлеу арқылы тауардың түпнұсқалығын, құрамын тексере алады. Тіпті дәріханалардың әр дәріге қанша теңге қосқанын көруге болады. Бағаны тым қымбататып жіберсе, сол қосымша арқылы Е-Otinish-ке арыз жолдай алады.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы