Түркістан облысында ₸583 млн жымқырған білім бөлімінің қызметкерлері сотталды
Түркістан облысының Байдібек ауданында бюджет қаражатын жүйелі түрде жымқырып келген білім бөлімінің қызметкерлері сотталды. Қаржы мониторингі агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаменті жүргізген тергеу барысында бөлім басшылығы мен бухгалтерлер және экономистерді қоса алғанда, 18 лауазымды тұлға жалақы мен өзге де төлемдерге арналған бюджеттік өтінімдерді негізсіз ұлғайтып отырғаны анықталған. Сөйтіп бас аяғы 49 жалпы білім беретін мектеп қаражатын иемденіп, бас пайдасына жаратқан. Яғни бухгалтерия қызметкерлері электрондық жүйелерге әдейі жалған мәліметтер енгізіп, қаражат жалған тұлғалардың, оның ішінде туыстары мен таныстарының банктік шоттарына аударылған. Кейін ақша өзара бөлінген.
Ержан Тайжан, ҚМА ресми өкілі:
Нәтижесінде мемлекетке келтірілген залал 583 млн теңгеден асты. Тергеу барысында күдіктілер келтірілген шығынды толық өтеді. Сот 14 адамды 3 жылдан 7 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасына кесті. Тағы 4 адамға қатысты іс рақымшылыққа байланысты тоқтатылды.
Автор
Айнұр Әбілқасым
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Әділет» партиясы Алматыдағы жаңа экологиялық бастамаларды қолдады
09.10.2026, 22:15
Әлеуметтік қолдаудың жаңа мүмкіндіктері
09.10.2026, 21:30
Президент Каспий маңы елдерінің ғылыми әлеуетін біріктіруге шақырды
09.10.2026, 20:35
Театр көрермені көбейіп келеді
09.10.2026, 20:25
Қос марапат – ұлттық мәдениетті ұлықтаудың жаңа белесі
09.10.2026, 20:20
Орталық Азиядағы алғашқы кітап оқу марафоны
09.10.2026, 20:19
Әр азамат елдік мәселелерді талқылауға үлес қоса алады
09.10.2026, 20:18
Жамбыл облысындағы Билікөл тартылып барады
09.10.2026, 20:16