Басты Жаңалықтар Шалғайдағы ауылдарға электр энергиясы үздіксіз беріліп тұр

Шалғайдағы ауылдарға электр энергиясы үздіксіз беріліп тұр

Шалғайдағы ауылдарға жарық берілді. Осыдан тура бір жыл бұрын Қарағанды облысының Шет ауданында 30 жуық елді мекен бір күнде жарықсыз қалған еді. Іле жергілікті ауқымдағы төтенше жағдай жарияланып, қалпына келтіру жұмыстары қарқын алды. Ауылдағы ағайынның қазіргі жай-күйі қалай? Жарықтың мәселесі біржола шешілді ме?

Тура бір жыл бұрын жағдай осындай еді. Түн болса май шамға телмірген жұрттың тілегі ақыры орындалды. Ауылдың іші қазір самаладай жап-жарық. Тоқ үздіксіз беріліп тұр.

Ондаған жыл бойы жарыққа жарымаған ауылдарда электр желісі әбден тозған. Былтырғы ақпанда ақүтек боран соғып 27 елді мекен бір күнде қараңғылық құшағында қалды. Жергілікті ауқымда төтенше жағдай жарияланып желілердің үш шақырымы жөнделді. 1 жылда ауданда 28 трансформаторлық қосалқы станция орнатылып, 33 ажыратқыш қойылған. 

Қайырғали Берғалиұлы, Шет ауданы әкімінің орынбасары:

Иновациялық құрылғыларға қарасаңыз барлығы автоматтандырылған. Оған көшу үшін үлкен қаражат қажет. Ең басты мақсатымыз халықты үздіксіз тоқпен қамтамасыз ету. Кейін сенімгерлікке беруге көздеп отырмыз.

Алдағы уақытта арнайы жоба дайындалып, жаңғырту жұмыстары жалғаспақ. Елді мекендердің дамуы үшін электр энергиясы ауадай қажет. Осы уақытқа дейін ауданның экономикалық әлеуеті ақсап келді. Енді электр энергиясымен қамту әбден тұрақталса, инвестиция тартып, жаңа кәсіпорындарды  ашу әддеқайда жеңіл болады дейді мамандар.

Бөлісу