Басты Жаңалықтар Өзбекстанда қазақ ақын-жазушылардың жиырмадай кітабы жарық көрген

Өзбекстанда қазақ ақын-жазушылардың жиырмадай кітабы жарық көрген

Өткен жылы Өзбекстандағы қазақ ақын-жазушылардың 20-ға тарта кітабы жарық көрді. Көрші елдегі жазушылар одағының жанында қазақ әдебиеті кеңесі жұмыс істейді. Ұйым мүшелері бас қосып, былтырғы жылды қорытындылап, алдағы жоспарын бекітті.

Өзбекстанда қазақ қаламгерлерінің саны 60-қа жуықтайды. Былтыр түрлі жанрда баспадан шыққан туындылардың көркемдік мазмұны әрқилы. Авторлар көбіне атамекен, туған жер, ізгілік тақырыбына қалам тербейді. Шығармашылық ортаның атсалысуымен Абай Құнанбайұлының 180 жылдығы бауырлас елде кеңінен аталып өтті. Облыс орталықтары мен аудан, ауылдарда жыр мүшәйралары, ғылыми конференциялар ұйымдастырылды.
Тұрсынәлі Ахметов, Өзбекстан Жазушылар одағы қазақ әдебиеті кеңесінің төрағасы:
Қазақстанда Өзбекстанның халық жазушысы Қайри Сұлтанның «Бақыт жағалауы» атты прозалық шығармасы Қазақстанда жарық көрді. Бұл да екі елдің әдеби байланысын жаңа деңгейге көтерді деуге болады.
Қазақ тілінде жарық көрген кітаптардың негізгі оқырманы осы елдегі қандастар. Жастар да аз емес. Қазақтар көп шоғырланған облыстар мен Қарақалпақстанда ақын-қазақ жазушылардың шығармалары үлкен сұранысқа ие.   
Гүлдана Нарымбетова, пуублицист, журналист:
Биыл Өмірзақ Қожамұратовтың 95 жылдығы. Бұл тек Өзбекстанда ғана емес, Қазақстан жазушылар одағымен өте кең көлемде тойланайын деп отыр. Сондай-ақ Төлеген Айбергеновті еске алу кештерін ұйымдастыру ниетіндеміз.
Басқосуда биыл баспаға әзірленіп жатқан шығармалардың мазмұны мен қаржыландыру тетіктері сөз болды. Аударма бағытына мықтап көңіл бөлу, жас ақын-жазушыларды қолдау жайы да назардан тыс қалмады.


Бөлісу