Алматылық оқушылар халықаралық чемпионатта жеңді
Алматыдағы №218 «Келешек» мектебінің оқушылары Астанада өткен ALEM TECH FEST 2026 халықаралық фестивалінде үш бірдей аталым бойынша топ жарды. Сонымен қатар білім ордасының шәкірті Саян Төрекелді АҚШ-тың Хьюстон қаласында өтетін әлемдік финалға жолдама алды. Байқауға Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Түрікменстан, Эстония, Гонконг және Вьетнамнан 5 мыңнан аса жас инженер қатысты.
Фестивальден жүлделі оралған команданы мектеп ұжымы салтанатты түрде қарсы алды. Бұл жетістік – жүйелі дайындық пен заманауи инфрақұрылымның нәтижесі, дейді мектеп басшылығы.
Айна Закирова, №218 «Келешек» мектебінің директоры:
Бұл ұлттық жоба - Президентіміздің «Ұлттық жоба» негізінде ашылған мектеп. Біздегі техникалық база басқа жай мектептерге қарағанда 4 есе жоғары. Бұл біздің балаларға халықаралық деңгейде өзінің әлеуетін көрсетуге мүмкіндік ашып отыр.
Биылғы дода ауқымы жағынан да, қатысушылар саны бойынша да ерекше болған. Қалалық іріктеуден өткен жүздеген оқушы ел намысын қорғады.
Жанна Алмұсаева, «Алматы дарыны» орталығы робототехника бөлімінің меңгерушісі:
Алматы қаласының мемлекеттік мектептерінен 190 оқушы барды. Жарыстың негізгі барысында 7 мемлекеттен 2 мыңнан аса команда, 5 мың оқушы қатысты.
Астанадағы байқау қорытындысы бойынша Алматыдан екі оқушы АҚШ-тың Хьюстон қаласында өтетін финалға жолдама алды. Солардың бірі – Саян Төрекелді. Ол қазірдің өзінде халықаралық сынға дайындықты бастап кеткен.
Алдыңғы жылы суасты қазбалары болса, қазір жерасты қазбалары. Яғни жерасты қазбалары бұл балаларға, археологтарға қалай көмектесу керектігін үйретеді. Бұл жерде біз қазір допты жинау арқылы 2,5 минуттың ішінде альянс форматтарына салу қажет. Қай команда көп доп салады, көп балл жинайды, сол ұтады.
Финалистер АҚШ-та өтетін халықаралық кезеңде әлемнің үздік инженерлермен, технологтармен және жетекші компания өкілдерімен жүздесуге мүмкіндік алып отыр. Бұл – жас өнертапқыштар үшін үлкен тәжірибе алаңы әрі жаңа технологиялық серіктестіктерге жол ашатын маңызды басқосу.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы