Оралда «Мен зерттеушімін» ғылыми-зерттеу конференциясы өтті
Оралда «Таза Қазақстан» акциясы аясында облыстық «Мен зерттеушімін» ғылыми-зерттеу конференциясы өтті.
Өңірдегі 12 ауданнан келген 50-ге жуық оқушы экология тақырыбында өз жобаларын
қорғады. Конференция жұмысы «Флора», «Фауна», «Экология
және мен»
аталымдарын қамтыды. Іс-шара жас ұрпақты бала кезден экологиялық мәдениетке
тәрбиелеу, айналадағы тіршілікке жанашырлық көзқарас қалыптастыру, ғылыми
ізденіске баулу үшін қолға алынған.
Айрина Қалқаман, оқушы:
Менің жобам бактериялар туралы. Мектепте кездесетін бактериялар мен адамның қолындағы бактерияларды салыстырдым. Автоклав деген пешке өсірдім. 48 сағатқа жинап қойдым. Сосын оны санап, бақылап отырдым. Стафилакокк деген бактерия шықты.
Айша Рысқалиева, облыстық Экологиялық-биологиялық орталық әдіскері:
Қоршаған ортаны қорғау, табиғатты аялау – әрбір адамның ортақ міндеті. Жас зерттеушілеріміздің әр жобасы еліміздің экологиялық мәдениетін дамытуға қосылған нақты үлес деп білеміз.
Автор
Ардақ Мұратқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Мемлекет басшысы әскери реформа мәселелері бойынша Қауіпсіздік Кеңесінің отырысын өткізді
21.10.2026, 23:06
Қоржында - 10 алтын
21.10.2026, 20:30
Абайға қатысты жәдігерлер жеке жинаққа топтастырылмақ
21.10.2026, 20:23
35 мың тұрғын «Кітап оқитын ұлт» марафонына қатысып жатыр
21.10.2026, 20:21
Мәулен Әшімбаевтың жаңа кітабы таныстырылды
21.10.2026, 20:20
Патриоттық әндерге байқау жарияланды
21.10.2026, 20:20
Республика күніне орай сауда орталықтары ауқымды акция өткізіп жатыр
21.10.2026, 20:19
Тау кластері: Экономикалық әлеует артады
21.10.2026, 20:17