Ақтөбеде «Жаңа Ата заң және жалпыұлттық құндылықтар» форумы өтті
Ақтөбеде мыңға жуық жастың басын қосқан «Жаңа ата заң және жалпыұлттық құндылықтар» деген атаумен форум өтті. Шараға әртүрлі салада жетістікке жеткен, қоғам өміріне белсене араласып жүрген азаматтар келді. Олар тәжірибе бөлісіп, жастарды мемлекет пен Ата заңды құрметтеуге шақырды. Кездесу барысында Конституцияның жаңартылған жобасы, оның мән-маңызы талқыланды. Құдайберген Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің басшылығы мұндай шаралардың студенттер үшін мәні зор дейді.
Нарқозы Қартжан, Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік
университетінің проректоры:
Университет кез келген өңірде ғылымның, білімнің, инновацияның ортасы болғандықтан, әрине ондай көшбасшы ойлардың ортасында жүру керек, солай ойлап та отыр. Әріптестеріміз толықтай қолдап отыр. Әріптестеріміз облыстық, қалалық штаб құрамында өз ойларын білдіріп, түсіндіру жұмыстарын жүргізіп жүр.
Автор
Жақсыбек Кемал
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қазақстан көшпенділер ойындарында көш бастап тұр
05.09.2026, 20:09
Үш облыстың аумағымен әскери техника жүріп өтеді
05.09.2026, 20:09
Президент Қазақстан атынан Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына қатысушыларға жеңіс тіледі
05.09.2026, 20:08
Шетелдіктер Бельгияда қазақша үйреніп жүр
05.09.2026, 20:08
Ұлт ұстазының еңбектері Түркияда да зерттеліп жатыр
05.09.2026, 20:08
Курчатовта қуаты 700 МВт болатын электр стансасы салынады
05.09.2026, 20:07
Халықаралық әуе қатынасы 161 бағытқа дейін артты
05.09.2026, 20:06
Қайырымдылық күніне орай мұқтаж жандарға қолдау көрсетілді
05.09.2026, 20:04