Павлодар облысында 12 мың көлік иесіне айыппұл салынған
Павлодарда жолдағы қауіпсіздік шаралары күшейтілді. Дрондар енді бірнеше бағыт бойынша жұмыс істейді. Себебі жүргізушілер жол ережесін жиі бұзады. Қаңтар, ақпан айларында 114 көлік апаты тіркеліп 9 адам қайтыс болған. 174 адам ауруханаға түскен. Осы бір жарым айдың ішінде Ekin Patrol G2 мобильді аппараттық-бағдарламалық кешені арқылы жылдамдықты асырған жүргізушілерге 11 миллион теңгеге жуық айыппұл салынған.
Бәкібай Ахмедиянов, Әкімшілік полиция басқармасының бастығы:
Қаңтар айынан дәл бүгінгі күнге дейін 12 мың көлік иесі жауапқа тартылды. Мұның алдын-алудың жолы бақылауды күшейту ғана. Мәселен, жүргізушілер камера жоқ екен, демек жылдамдықты шамадан тыс арттыруға болады деп ойлайды. Бірақ оларды дрондар арқылы көреміз. Жауапкершіліктен ешкім жалтара алмайды.
Автор
Болат Аманбаев
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
28 қазанда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауын жариялайды
20.10.2026, 21:29
Павлодарда көпір құрылысының 90% аяқталды
20.10.2026, 20:33
Диас Кенжебек Азия рекордын жаңартты
20.10.2026, 20:27
500 жас бір мезетте Әнұран орындады
20.10.2026, 20:20
Балалар байқауына дауыс беруді сұраған алаяқтар көбейді
20.10.2026, 20:19
Ауыл шаруашылығындағы өнім көлемі 9,8 трлн теңгеге жетті
20.10.2026, 20:17
Астанада 8 оқушылар сарайы жұмыс істеп тұр
20.10.2026, 20:16
Франция: Миграция және интеграция сынағы
20.10.2026, 20:16