Балқашта көпқабатты үй құлады
Қарағанды облысы Балқаш қаласында көпқабатты тұрғын үйдің бір бөлігі опырылып түсті. Әкімдік өкілдерінің айтуынша, баспананың бұл бөлігі апатты деп танылып, былтыр тұрғындар қауіпсіз жерге көшірілген. Зардап шеккендер жоқ. Ал үйдің басқа бөлігінде тұрып келген жұрт пәтерлерін енді босатуға мәжбүр. Себебі барлық коммуналдық желілер ажыратылды, толықтай техникалық тексеріс жүргізілмек. Құлаған кіреберіс жақтағы пәтердің иелері баспана үшін былтыр кезекке тұрған.
Руслан Сыздықов, Балқаш қаласы әкімінің орынбасары:
Қазіргі таңда құлаған бөлікті тазалап, тұрғындардан сауалнама жүргізіп жатырмыз. 3 арнайы техникамен, 30 жуық құтқарушылар жұмыс істеп жатыр. Кейін тұрғын үйді толықтай техникалық тексерістен өткіземіз. Барлығы қала әкімдігінің бақылауында.
Автор
Жандос Бақытұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Кітапхана түні – 2026» шарасы өтті
23.10.2026, 10:25
Түркі әлемінің ортақ мұрасы: «Түркістан» энциклопедиясы жарық көрді
23.10.2026, 10:22
Ресейде жалған сертификаттарға қарсы күрес күшейтіледі
23.10.2026, 10:17
Алтын шикізатын шетелге заңсыз шығармақ болғандар ұсталды
23.10.2026, 10:15
Парижде коменданттық сағат ұзартылды
23.10.2026, 10:14
Қытайда жер сілкініп, 16 адам қаза тапты
23.10.2026, 10:13
Қар құрсауында қалған 7 адам құтқарылды
23.10.2026, 10:12
7 жылда әлеуметтік салаға 88 трлн теңге бөлінді
23.10.2026, 10:10