Шарада қаламгердің алты кітабының тұсауы да кесілді. Солардың арасында «Қаралы көш» романы қазіргі графикамен үш рет басылып, түрік тіліне де аударылған. Енді Ахмет Байтұрсыновтың үлгісіндегі төте жазумен қайта басылды.
«Бекзат сөз» деп аталатын жинақта Жәди Шәкенұлының шығармашылығы туралы зерттеушілердің жазған мақалалары топтастырылған. Автор «Алтай алыптары» кітабын Қайрат Айдарханұлымен бірлесіп жазған. Бұл еңбекте Алтай тауындағы елді мекендерден шыққан тұлғалардың ғұмыры суреттелген. Ал, оның «Қытай қазақтарының әдебиеті», «Бозмұнар», «Оспан батыр және Шығыс Түркістан мәселелері» атты еңбектері - шоқтығы биік туындылар. Себебі Оспан батыр Сәлімұлының ел ертеңі үшін көрсеткен ерлігін бүгінгі буын ұмытпауы тиіс. Сондықтан жазушы ғұмырын қазақ тарихындағы ақтаңдақ оқиғаларды зерттеуге арнаған.
Жәди Шәкенұлы, жазушы:
- Әдебиет тарихына, қазақ тарихына қатысты дүниелерді өзімізше зерттедік. Соның ішінде, мысалы, «Оспан батыр және Шығыс Түркістан» аталатын кітапта бүгіндері Шығыс Түркістан аталатын Шынжаң аймағындағы өткен үлкен-үлкен күрестердің жағдайы баяндалады.
Нұрлан АСҚАРҰЛЫ