Абзал Әжіғалиев пен Денис Никиша жүлдеге ілікпеді
Италияда өтіп жатқан 25-ші Ақ Олимпиада ойындарының кезекті жарыс күнінде шорт-трек шеберлеріміз жүлдеге таласты. 500 метрлік спринтік бәсекеде Денис Никиша мен Абзал Әжіғалиев сынға түсті. Азамат Бейбітұлы толығырақ баяндайды.
Бұл Абзалдың төртінші Олимпиадасы. Бұған дейін Бейжіңдегі бәсекеде отандасымыз 4-ші орынға тұрақтаған еді. Бұл жолы ширек финалдан өте алмады. Екінші отандасымыз Денис Никиша Б финалында екінші келді. Жартылай финалда әлемнің азуын айға білеген мықтыларымен сынға түскен Никиша мәреге төртінші болып келген-ді. Бұған дейін екі рет Әлем чемпионатында күміс алған. Денис бұл жолы жарақаты бола тұра сайысты. Сол себепті болар, жартылай финалда сүрінді. Дегенмен уақыт көрсеткіші жағынан үздіктердің қатарында болуының өзі жеңіспен пара-пар. Абзалға ерекше тоқталып өтсек, Абзал олимпиаданың мұзында шорт-тректе сырғы тепкен алқашқылардың бірі болңан қазақ. Бір емес, төрт рет төрткүл дүниенің алдында намысымызды қорғады. Осы спортқа елдің назарын аударды, шорт-тректі қазақ еліне, қазақ елін әлемге кеңінен таныстырды. Иә, бұл оның соңғы олимпиадасы шығар, бірақ ол бастаған жолды жалғайтын қазақ балалары көптеп шығарына сенеміз. Өзінің де алтыннан да асқақ арманы сол еді.
Қорыта айтқанда, Абзал Әжіғалиев шорт-трек спортының Қазақстанда қалыптасуына және дамуына өлшеусіз үлес қосты. Әлі де берері көп. Медаль жақсы, бірақ жүлдеге ілінбегені үшін елден кешірім сұрап, өзінен кейінгі жасөспірімдерге жарқын жол көрсеткен азамат құрмет пен қошеметке лайық. Сондықтан да, мұз үстінде Абзал салған із шорт-тректе шорт кесілмесі анық.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы