Таразда қала шетін қар суы басты
Таразда екі күн қар жауып, арты жаңбырға ұласқалы көшелер көлге айналды. Табалдырыққа дейін жеткен судан тұрғындар тысқа шығудан қалды. Шаһар шетіндегі «Шалғай Қарасу» шағын ауданында тіптен қиын. Бұқара балаларын сабаққа жібере алмай, қала ішінде қайықпен жүретін жағдайға жеттік дейді.
Анасы осылай қызының мектептегі мұғаліміне бейне сәлемдеме жіберіп, аула алды айдынға айналғанын айтып әуре. Қар суы қора-қопсыға кіріп, үйдің іргетасына дейін шайып жатыр. Жер үйлердің кәріз суы жиналатын орлар мен даладағы дәретханалар да суға толған.
Данияр Әлімқұл, тілші:
Біздің Тараздың қысы қызық қой өзі. Екі күн қар борады. Артынша 2 күн жаңбыр жауды. Салдарынан, міне, көшелер көлге айналды. Айнала шылқыған су, шалшықтан аяқ алып жүру мүмкін емес.
Осы аумақта 20 жылдан бері тұратын жұрт қар мен жаңбырдан қатты қорқып қалған. Өйткені жерасты суы 2 метрден шығады. Сондықтан сырттағы су жерге сіңбей күн ұзаққа жатып алады дейді.
Ғалима Әбдіпайызова, қала тұрғыны:
Бізге ыңғайсыздық, бала-шаға сабаққа қатынау, үйге кіріп шығу. Көріп отырсыздар өздеріңіз жағдайды. Септигіміз толып кетті үйден шығатын. Әжетханалар. Үкіметтің суы келді ғой. Бірақ оған біз толықтай қосылған жоқпыз. Мотордан ішіп отырмыз. Сол суымыздың дәмі өзгерді.
Қала билігі соңғы екі күнде 20 техника жіберіп, су сору жұмысы қарқынды басталған. Бірақ техниканың өзі жіпсіген жерден жүре алмай, батпаққа батып қалып жатыр. Шаһар шенділері жылда қайталанатын жағдайды жол төсеп, арық жүргізгеннен кейін толық шешеміз деп отыр.
Нұрлан Олжабаев, Жібек жолы ауданы әкімінің орынбасары:
Соңғы 3 жылдың ішінде электр көше жарығы жүргізілді, газ тартылды. Су жүргізілді. Мынау көшелердің барлығына қиыршық тас төселді. Алдағы келесі жылдарға қазір жоспар жасалып жатыр. Мынау 2026-27 жылдарға осы көшелерді асфальттау жобасын жасап жатырмыз. Одан кейін асфальт төселгеннен кейін абаттандыру жұмыстары барысында осы арық жүйелерін жоспарлауға болады.
Қазір қалада қарғын судан Арай, Тайвань, Бектөбе шағын аудандары тазартылды. Тараздың тазалығына жауапты мекеме қала бойынша 600 мың текше метр су шығарған. Ал кей жерлерге қорғаныс бөгетін жасап, қап-қап құм төсеуге мәжбүр болды.
Автор
Данияр Әлімқұл
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Рамазан – 2026: Пітір садақа мөлшері мен ауызашардағы ысырап мәселесі
18.02.2026, 20:56
Түркияда Рамазан айына дайындық қызу
18.02.2026, 20:47
Сайыса жүріп, экологиялық сауатын арттырды
18.02.2026, 20:46
Олимпиада: Шорт-тректен жүлделер сарапқа салынады
18.02.2026, 20:45
Олимпиада: Ұлттық құраманың 5 өкілі жарыс жолына шығады
18.02.2026, 20:44
Футбол - Италия мәдениетінің бір бөлігі
18.02.2026, 20:42
Ақтөбеде коалиция мүшелері еңбек адамдарымен кездесті
18.02.2026, 20:41
Түркия елшісі: Орта дәліздің мүмкіндігін тиімді пайдалану қажет
18.02.2026, 20:17