Басты Жаңалықтар Олимпиада: Шорт-тректен жүлделер сарапқа салынады

Олимпиада: Шорт-тректен жүлделер сарапқа салынады

Қысқы Олимпиада ойындарынан бірер ақпар. Ливиньода фристайл-акробатикадан әйелдер арасындағы жекелей сайыс аяқталды. Бұл сында ел намысын Аяна Жолдас қорғады. Отандасымыз Ақ ойындарды 21-орынмен аяқтады. Іріктеудің бірінші кезеңінде Аянаның аяғы тайып, жаттығуды сәтті орындай алмай, 17-орыннан көрінді. Екінші іріктеуде де сәттілік жетіспеді. Енді Аяна алдағы күндері командалық жарыста тағы өнер көрсетеді. Сонымен бірге шаңғы жарысынан әйелдер еркін стильдегі ерлер және әйелдер құрамасы командалық жарыс қатысты. Өкінішке қарай, іріктеуден өте алмады. 26 команда қатыстықан сында қыздар 17-болып мәре сызығын кесті. Ал жігіттер 27 команданың ішінде ең соңғы сатыдан көрінді. Сондай-ақ тау шаңғы жарысына Александра Скороходова жарысты мәреге жетпей аяқтады. Бүгін Қазақстан уақытымен түнгі он екі шамасында шорт-тректен ширек финал және финал сайыстары басталады. 500 метр қашықтықтағы тартыста бәсекеде екі спортшымыз ел намысын қорғайды. Олар Абзал Әжғалиев және Денис Никиша. Жарыстар «Qazsport» телеарнасында тікелей эфирде көрсетіледі. Атлеттермізге бірге жанкүйер болайық!


Бөлісу