Басты Жаңалықтар Олимпиада: Ұлттық құраманың 5 өкілі жарыс жолына шығады

Олимпиада: Ұлттық құраманың 5 өкілі жарыс жолына шығады

XXV қысқы Олимпиаданның аяқталуына да санаулы күн қалды. Ертең «Qazaqstan» Ұлттық құрамасының 5 өкілі жарыс жолына шығады. Атлеттер спорттың 2 түрінен кім мықтыны анықтайды. Сағат 15:25-те фристайл-акробатикадан ерлер арасында іріктеудің бірінші кезеңі өтеді. Бұл сында төрт отандасымыз бақ сынайды. Үздік өнер көрсеткен алты спортшының қатарына қосылғандары супер финалға жолдама алады. Түнгі 22:55-те мәнерлеп сырғанаудан қыздар мұз айдынына шығады. Қазақстандық атлет Софья Самоделкина еркін бағдарламада жүлдеге таласады. Қысқа бағдарладан соң Софья аралық кестеде 12-орында тұр. Қарсыластардан ұпай айырмашылығы анау айтқандай жоғары емес. Сондықтан медальға таласуға мүмкіндігі бар. Барлық сайысты «Qazsport» телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді.


Бөлісу