Басты Жаңалықтар Ақтөбеде коалиция мүшелері еңбек адамдарымен кездесті

Ақтөбеде коалиция мүшелері еңбек адамдарымен кездесті

«Әділетті әрі Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін» жалпыұлттық коалициясының мүшелері ақтөбелік еңбек ұжымдарымен кездесті.

Мәжіліс депутаттары мен сарапшылар медицина ұйымдарына барып, жаңа Конституция жобасын түсіндірді. Құжатта азаматтардың денсаулығын қорғау және тегін медициналық көмек алу құқықтары нақты қарастырылғаны айтылды. Коалиция мүшелері білім беру мекемелері мен ірі кәсіпорындарға да барып, кездесу ұйымдастырды. Бүгінгі жиынға өңір тұрғындарын табиғи газбен қамтамасыз етіп отырған мекеменің жүзге жуық қызметкері келді.

Жәмила Нұрмағанбетова, кәсіподақ ұйымының төрайымы:

Жұмысшыларға толық түсіндірілуде. Әр енгізілген бап, әр енгізілген тармақтары толық оқытылып, қамтып жатырмыз. Жаңа Конституция жобасында адамның құқығы мен оның құрметі, негізі, сонымен бірге заң мен тәртіптің қатар жүретіндігі, жұмысшы мамандарының жұмысының бағалануы – ол енді үлкен көрсеткіштер.

Жаңа Конституция жобасында адами капиталға басымдық берілген. Сондықтан технология қарыштап дамыған заманда интеллектуал қоғам құрудың маңызы зор. Жиында сөз алған коалиция мүшелерінің айтуынша, жаңа Ата заң ел азаматтарының сапалы білім алуына және еркін қоғамда өзін жан-жақты дамытуына зор мүмкіндік береді.

Дания Еспаева ҚР Парламенті Мәжілісі төрағасының орынбасары, жалпыұлттық коалиция мүшесі:

Біздер түсіндіреміз, айтамыз, ең бірінші Конституция – Ата заң, ең биік заң. Ол сіздің еркіндігіңізді, ол сіздің ар-намысыңызды, меншігіңізді қорғайтын құқықтық кепілдік. Екіншіден, ол – әлеуметтік лифт.
Бөлісу