Ш.Сарыбаевтың еңбектері жиналған кітаптар таныстырылды
«Ғалым. Ғылым. Ғибрат». Дәл осындай атпен белгілі академик, қазақ тіл білімінің көрнекті өкілі Шора Сарыбаевтың еңбектері жиналған кітаптардың тұсаукесеріне арналған жиын өтті. «Қазақ тіл танымының өзекті мәселелері» атты қостомдық кітаптың 1-томында диалектология, лексикология және лексикография салалары, ал 2-томында қазақ тіл білімінің тарихы, тіл мәдениеті, грамматикасы мен стилистикасы және тағы басқа салалары қамтылған. Кездесуде қоғам қайраткерлері мен ғалымдар және университет өкілдері басқосты. Бүгінде Ұлттық академиялық кітапханада «Шора Сарыбаевтың кітап қоры» бар. Ол жерде 5 мыңнан астам құнды кітап сақталған.
Автор
Темірлан Нұрсолтан
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Әділет» партиясы Алматыдағы жаңа экологиялық бастамаларды қолдады
09.10.2026, 22:15
Әлеуметтік қолдаудың жаңа мүмкіндіктері
09.10.2026, 21:30
Президент Каспий маңы елдерінің ғылыми әлеуетін біріктіруге шақырды
09.10.2026, 20:35
Театр көрермені көбейіп келеді
09.10.2026, 20:25
Қос марапат – ұлттық мәдениетті ұлықтаудың жаңа белесі
09.10.2026, 20:20
Орталық Азиядағы алғашқы кітап оқу марафоны
09.10.2026, 20:19
Әр азамат елдік мәселелерді талқылауға үлес қоса алады
09.10.2026, 20:18
Жамбыл облысындағы Билікөл тартылып барады
09.10.2026, 20:16