Маңғыстаудағы жерасты мешіттері ЮНЕСКО тізіміне енуі мүмкін
Маңғыстаудағы 5 жерасты мешіті ЮНЕСКО-ның әлемдік мұра тізіміне енуі мүмкін.
Олар – Бекет ата, Қараман ата, Шопан ата мен Сұлтан үпі және Шақпақ ата мешіттері. Бұл жерасты мінәжат орындары өте жақсы сақталған. Сонымен қатар, мұнда көпшілік зиярат етеді және жыл санап туристер саны да артқан. Бір бірінен өзгеше, теңдесі жоқ, өркениетіміз бен мәдениетіміздің тамыры тереңде жатқанын дәлелдейтін құнды мұраларды Юнеско сарапшылары арнайы келіп көріп, құжаттарын алып кеткен. Нәтижесі биыл жарияланады. Бұл жұмыс Мемлекет басшысының Атырауда өткен Ұлттық Құрылтайда берген тапсырмасы аясында жүргізілді. Президент Батыс өңірлердегі 20 дан астам жерасты және жартасты мешітті әлемге танытып, насихаттауды тапсырған еді.
Балтабай Балапан, «Маңғыстау мемлекеттік тарихи-мәдени қорығы» мекемесінің директоры:
ЮНЕСКО-ның талабы – сол қалпында, табиғи қалпында болуы керек екен. Реставрация жасағанда да оны ғылыми сараптамадан өткізіп, оның әктастық мергерлік тастың құрамы қандай, оған қолданатын гипс пен желімнің құрамы қандай барлығын сараптамадан өткізіп, дайындалғаннан кейін істелу керек екен. Біздің де енді мешіттеріміз талапқа сай жасалған. Осы жылдың тамыз айларында оң шешім шығып қалады деген үміттеміз.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы