Ақсу-Аюлы ауылында 200 отбасы баспаналы болды
Қарағанды облысы Шет ауданында соңғы екі жылда кезекте тұрған 200-ден аса отбасы тұрғын үймен қамтылды. Ал аудан орталығы Ақсу-Аюлы ауылында жаңа шағын аудан бой көтеріп, заманауи қос қабатты үйлер салынған.
Жаңа шағын аудан 2024 жылы құрылды. Қазір онда 2 шақырымға жуық жол төселіп, арнайы жылыту қазандығы істеп тұр. Онымен қоса шағын полиция ғимараты да бар. Мұнда 2 жылда кезекте тұрған 100 ге жуық пәтер қолданысқа берілген. Олардың жартысынан көбі Таунхаус типті қос қабатты үйлер. Бұған дейін жер үйде от жағып, су тасып келген тұрғындардың қуанышында шек жоқ.
Бұрын ескі үйде тұрғанда от жағатынмын, күл тасып, су әкелетінмін. Қазір сол бейнеттің бәрінен құтылдым, жақсы болды. Осы үйге кіргенім рақат болды. Үйдің ауласы жақсы. Алдына балалар ойнайтын алаң салып жатыр. Жарық орнатылған, барлық жағдай жасалған.
Шағын ауданда барлық нысандар орталық жылыту жүйесімен қамтылған. Алдағы уақытта ауданның аумағы үлкейіп, әлеуметтік нысандар салынбақ. Соның бірі ветеринариялық пункт. Жалпы ауданда биыл 120-дан астам кезекте тұрған отбасы қоныс тойын тойламақ.
Дархан Смаилов, Ақсу-Аюлы ауылдық округінің әкімі:
Биылғы жоспар көтеріліп жатқан тұрғын үйлерді пайдалануға беру. Одан кейін жарықтандыру мәселесу ашық тұр. Соны реттейміз. Округте одан басқа 4 елді мекен бар. Барлығына көңіл бөлу жұмыстары жүзеге асады.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы