Биыл 32 аудандық аурухана жаңғыртылады
Биыл 32 аудандық аурухананы жаңғырту аяқталады. Яғни бұл медициналық нысандардың ғимаратынан бастап, техника, кадр сынды мәселелері толықтай жаңғыртудан өтуде. Бүгін бұл жөнінде денсаулық сақтау саласының кеңейтілген алқа отырысында мәлім болды. Жиынға Премьер-министр орынбасары-Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева қатысты. Атқарылған жұмыстарды саралап, медицина қызметін жақсарту бойынша нақты тапсырмалар жүктеді. Қазір «Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту» Ұлттық жобасының екінші кезеңі жүріп жатыр. Соның аясында 32 аурухана заманауи ауданаралық көпбейінді орталық ауруханаға айналады. Бұл ауыл халқына шұғыл медициналық көмек көрсетудің қолжетімділігін арттыру мақсатында қолға алынуда. Ал жобаның бірінші кезеңінде шалғай жатқан елді мекен халқының медициналдық қызметіне басымдық берілген.
«Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту» Ұлттық жобасы аясында бұл Мемлекет басшысының тапсырмасы берілген болатын уақытында. Сол Ұлттық жобаның аясында біз былтырдан бері алдымен ауылды жерлерге алғашқы медициналық көмек көрсететін пунктерді, жергерлік амбулаторияларды салып біттік. Олардың саны 655. Оның ішінде 228-сі сол ауылдарда бұрын-соңды мүлдем медициналық объект болмаған ауылдарға салынды.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы