Өзбекстанда өз көлігіңізбен жүру мерзімі 90 күннен 180 күнге дейін ұзаруы мүмкін
Қазақстандық көліктердің Өзбекстан аумағында жүру мерзімі 90 күннен 180 күнге дейін ұзартылуы мүмкін. Бұл туралы көрші елдегі кеден комитетінің өкілдері хабарлады. Аталған мәселе қос ел кеденшілерінің кездесуінде талқыланды. Өткен жылы Қазақстан мен Өзбекстан шекарасы арқылы 5 млн-ға жуық автокөлік өткен. Бүгінде екі мемлекет арасында 7 өткізу пункті жұмыс істеп тұр. Мұнан бөлек, қазақ-өзбек шекара бекеттерінен тыйым салынған заттарды алып өту фактілері азаймай тұр. Әсіресе дәрі-дәрмек пен зергерлік бұйымдардың заңсыз тасымалы артқан. Былтыр осындай 40 мыңнан астам факті тіркеліпті.
Фарход Олимжанов, Өзбекстан мемлекеттік кеден комитетінің басқарма бастығы:
Жолаушыларға контрабандалық немесе тасымалдауға болмайтын бұйымдарды алып өтудің заңсыз екенін ескертеміз. Сондай-ақ декларация толтыру қажеттігі айтылады. Егер аталған талаптарды орындамаса, тауарлар тәркіленеді. Азаматтардың «жасыл дәлізбен» жүруін назарда ұстаймыз. Сол әрекеті арқылы өзімен бірге тыйым салынған заттарды келмегенін растайды.
Автор
Базаркүл Отыншиева
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қоқыс полигондарының 80%-ы санитарлық талаптарға сай емес
07.04.2026, 20:57
Конституцияны түсіндіру жұмысы жаңа қарқын алады
07.04.2026, 20:52
Азия чемпионаты: Сегіз боксшымыз финалда
07.04.2026, 20:50
Жоғалған балалар бірнеше күннен бері табылмай жатыр
07.04.2026, 20:14
Соңғы 3 жылда терезеден 104 бала құлап, көз жұмды
07.04.2026, 20:10
Тегеран Трамптың шарттарын орындаудан бас тартты
07.04.2026, 20:10
Бензин бағасы бақылауда
07.04.2026, 20:08
Алматыда самокаттардың тең жартысы айып тұрағына қойылды
07.04.2026, 20:08