Таразда 13 жастағы қызды ұрлағысы келгендер ұсталды
Таразда екі ер адам 13 жастағы қызды ұрламақ болды. Олар оқушыны Көшек батыр көшесіндегі аялдамада тұрған жерінен автокөлікке салып, алып кетпек болған.
Бірақ сол сәтте жолай өтіп бара жатқан қала тұрғыны араша түсті. Сөйтіп жасөспірімді көлікке сүйреп кіргізіп жатқан жерінен алып шықты. Оқиға аялдама маңындағы бір үйдің бейнебақылау камерасына түсіп қалған. Көлігіне мініп, дереу ізін суытқан күдіктілер көп ұзамай қолға түсті. Адам ұрламақ болғандар уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазір аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүріп жатыр. Сондай-ақ полиция қызды қарақшылар қолынан құтқарып қалған азаматты да іздестіріп жатыр. Әрине тергеу үшін емес, арнайы марапаттап, алғыс айту үшін.
Автор
Данияр Әлімқұл
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
28 қазанда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауын жариялайды
20.10.2026, 21:29
Павлодарда көпір құрылысының 90% аяқталды
20.10.2026, 20:33
Диас Кенжебек Азия рекордын жаңартты
20.10.2026, 20:27
500 жас бір мезетте Әнұран орындады
20.10.2026, 20:20
Балалар байқауына дауыс беруді сұраған алаяқтар көбейді
20.10.2026, 20:19
Ауыл шаруашылығындағы өнім көлемі 9,8 трлн теңгеге жетті
20.10.2026, 20:17
Астанада 8 оқушылар сарайы жұмыс істеп тұр
20.10.2026, 20:16
Франция: Миграция және интеграция сынағы
20.10.2026, 20:16