Түркістан облысында әйелін күштеп психоневрологиялық диспансерге жатқызған ер адам сотталды
Түркістан облысында әйелін күштеп психоневрологиялық диспансерге жатқызған ер адам мен оның таныстары сотталды. Сот басты айыпталушыны Қылмыстық кодекстің үш бабымен кінәлі деп танып, 9 жылға бас бостандығынан айырды. Ал оның жұбайын емдеу мекемесіне жеткізуге көмектескен екі досы 8 жылдан жаза арқалады. Сондай-ақ, үшеуі жәбірленушіге 11 млн теңге өтемақы төлеуі тиіс. Еске салайық, бұл оқиға екі жыл бұрын болған. Сотталушы үйінде тапаншаның оқ дәрісін жасырып келген, әйелі кейін полиция шақыртып, үйіндегі оқ дәрілерді көрсеткен. Әйелінің осы әрекетіне ашуланған ер адам Шымкенттегі жүйке ауруларын емдейтін орталықтың дәрігерлерімен сөз байласып, зайыбын сонда күштеп жатқызған.
Үш сотталушы жәбірленушіні 2024 жылы 9-наурызда өз үйінен осы Түркістан қаласынан аяқ қолын орап, автокөліктің артқы орындығына жатқызып, Шымкент қаласында орналасқан психиятриялық денсаулық орталығына апарып, заңсыз жатқызған. Сотталушылардың кінәлары сотта жәбірленушінің, куәлардың жауаптарымен, дәрігерлердің айғақтарымен өз дәлелін тауып отыр.
Ал, Жаркент қаласында төрт жасар баласын қатыгездікпен
соққыға жыққан әйел психиатриялық
стационарға мәжбүрлі емдеуге жіберілді. Сот осындай шешім шығарды. Зардап шеккен бүлдіршін мамандардың бақылауымен
арнайы мекемеге орналастырылды.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы