Басты Жаңалықтар Олимпиада: Қазақстандық атлеттер спорттың 5 түрінен бақ сынайды

Олимпиада: Қазақстандық атлеттер спорттың 5 түрінен бақ сынайды

XXV қысқы Олимпиада ойындарының кезекті жарыс күнінің кестесін назарларыңызға ұсынамыз. 18 ақпанда қазақстандық атлеттер спорттың 5 түрі бойынша бәскеге қатысады. Қазақстан уақытымен 13:35-те әйелдер құрамасы шаңғы жарысынан командалық сайысқа қатысады. 14:50-де тау шаңғы спортынан Александра Скороходова слалом бойынша жүлдеге таласады. Сонымен бірге фристайл-акробатикадан жекелей сында жүлделер сарапқа салынуы керек болған. Бірақ бұл жарыстардың уақыты өзгеруі мүмкін. Ливиньода толассыз жауған қар салдарынан спорттық сайыстар кейінге шегерілген болатын. Ұйымдастырушылар жарыс жолын тазалап үлгермей жатыр. Оның үстіне қолайсыз ауа райы спортшыларға да кедергісін келтіреді. Сондай-ақ түнгі 00:10-да шорт-тректен ширек финалдан бастап, шешуші бәсекелер де өтеді. Жарыстарды әдеттегідей «Qazsport» телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді. Ойындардың уақыты бойынша өзгерістер әлеуметтік желілердегі парақшаларымызда алдын ала хабарланады.

Бөлісу