Софья Самоделкина мұз айдынына шығады
Италияда өтіп жатқан Олимпиада ойындарында бүгін 10 қазақстандық спортшы бес спорт түрінен жарыс жолына шығады деп жоспарланған еді. Бірақ кей сайыстар уақытынан шегеріліп жатыр екен. Сондай-ақ бүгін мәнерлеп сырғанаушы Софья Самоделкина мұз айдына шығып, қысқа бағдарламада өнер көрсетеді. Қазір Миланнан әріптесім Азамат Бейбітұлы тікелей байланысқа шығып тұр.
Азамат Бейбітұлы, тілші:
Фристайл-акробатикадан әйелдер арасында іріктеуі Қазақстан уақытымен 14:45-те шығуы керек еді. Өкінішке қарай, Ливиньода ауа райының қолайсыздығы мен толассыз жауған қар салдарынан жарыс уақыты қайта-қайта кейінгі кешегіріліп, ертеңге ауысты. Бұл сында Аяна Жолдасқа сенім артамыз. Осы сайыс аяқталған соң ерлер де іріктеуге қатысады. Асан Асылхан, Шерзод Хаширбаев, Дінмұхаммед Райымқұлов және Роман Иванов сайысқа түседі. Сондай-ақ конькимен жүгіру жарысынан Қазақстан құрамасы жарыс жолына шығуы керек болған. Белгісіз себептерге байланысты ол жарыс та болмайтын болды. Сондай-ақ түнгі 11-ге таяу мәнерлеп сырғанаудан қысқа бағдарламада Софья Самоделкина өнер көрсетеді. Жанкүйерлер Софьяға сенім артып отыр. Сондықтан спортшымызды бірге қолдайық!
Автор
Азамат Бейбітұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ұлттық құрама 16 рекорд жаңартты
15.08.2026, 20:19
Абай облысында тазалық акциялары түрленіп келеді
15.08.2026, 20:18
Елордада Шәмші әндері жаңаша форматта шырқалды
15.08.2026, 20:18
Бүгін қазақ вальсінің королі Шәмші Қалдаяқовтың туған күні
15.08.2026, 20:17
Алматы облысында жаңа мәдениет үйі пайдалануға берілді
15.08.2026, 20:14
Шеберлер мен зергерлер туындыларын жәрмеңкеде саудалады
15.08.2026, 20:13
Заң мен тәртіп – әділетті қоғам негізі
15.08.2026, 20:08
Неке және отбасы құндылықтары Конституция деңгейінде қорғалған
15.08.2026, 20:06