Кіші Арал: «Көкарал» бөгеті 2 метрге көтеріледі
«Аралды құтқару – барша адамзат үшін әлі де өте өзекті міндет». Президент Сыр өңірінде өткен V құрылтайда Кіші Арал теңізіне ерекше тоқталып, су айдынын ұлғайту шараларын қолға алуды тапсырды. Бұл бағытта сала министрлігімен ауқымды жоба әзірленген. Ал теңізге тіршілігі байланған жергілікті жұрт байыпты бастамадан үлкен үміт күтіп отыр.
Ғасыр құрылысы атанған Кіші Аралды сақтап қалу жобасының жүзеге асқанына биыл 20 жыл. Аңқасы кепкен теңіз осы аралықта оңалып, сумен бірге балықшылардың тіршілігі де жанданған еді. Қазір де жергілікті тұрғындар осы айдынның арқасында жан бағып отыр.
Жұмаәли Әбілов, ауыл тұрғыны:
Кіші теңіз қалпына келген кезде балық көлемі үлкен болды. Осы бүкіл республикадан келіп балық қабылдағандар болды. Оны көрдік. Қанша зауыттар салынды. Қанша шағын зауыттар салынды. Балық қабылдайтын, балық өңдейтін зауыттар. Кейін осы 2-3 жылдықта қайтып кетіп тұр.Бірақ былтыр жоғарыдан келетін су көлемі күрт төмендеді. Бұл теңізден бөлек Ақшатау мен Қамыстыбас көлдер жүйесіне де кері әсерін тигізіп жатыр. Ауға түсетін олжа да бұрынғыдай емес, балық қоры азайған.
Нұртай Әбенұлы, балықшы:
Тісті деген балық мінекей аудан шығып жатыр. Бұған да шүкіршілік айтамыз. Өзімізше күн көргіміз келеді. Негізгі кәсібіміз балықшылық болғаннан кейін. Үкіметтен осындай қолдау болып, көліміз суға толса.Кіші Арал экологиялық-экономикалық тұрғыдан өте өзекті мәселе. Сондықтан ел Үкіметі тарапынан кешенді бағдарлама әзірленіп, теңіздің акваториясын ұлғайту көзделген. Жоспар бойынша «Көкарал» бөгеті тағы екі метрге көтеріледі. 1,5 миллион АҚШ долларын құрайтын ауқымды жоба қазір мемлекеттік сараптамадан өтіп жатыр.
Ғалымжан Еркебай, облыстық Табиғи ресурстар басқармасының басшысы:
2025 жылы Халықаралық банктен 10 адам келіп, судың көтерілуіне мүмкіндік бар екенін айтып, соның барлығымен танысты. Қазіргі таңда 27 млрд текше метр су жинауға мүмкіндік болса, 2 метрге көтерген жағдайда 34 млрд текше метр су жиналатын болады.Президенттің Арал мәселесіне назар аударуы жергілікті халықтың ертеңіне деген сенімін арттырды. Оның үстіне биыл Сыр өңірінде күріш алқаптарының көлемі қысқарып, теңізге су жеткізу мүмкіндігі артады. Ал алдағы сәуір айында Астанада өтетін халықаралық экология саммитінде төрт мемлекет басшысы Аралды құтқару бойынша маңызды келісімдер жасамақ.
Автор
Әділбек Серікұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Цифрлық мүмкіндік пен спорттық шеберлік тоғысқан дода
22.07.2026, 20:32
Олимпиада-2028: Билеттердің ресми сатылымы басталды
22.07.2026, 20:30
Жетісу облысында шаруалар қысқы мал азығын қамдап жатыр
22.07.2026, 20:24
Маңғыстауда Шетпе теміржол вокзалы бастан-аяқ жөнделіп, қайта ашылды
22.07.2026, 20:24
Астанада «4739» деректі фильмінің премьерасы өтті
22.07.2026, 20:23
110 гектар алқапқа апорт көшеттері әзірленіп жатыр
22.07.2026, 20:21
Шымкентте мағыналы муралдар көбейіп келеді
22.07.2026, 20:16
Ұлыбританияда жасөспірімдерге энергетикалық сусын сатуға тыйым салынады
22.07.2026, 20:10