«Қазақстан балалары» тұжырымдамасы 4 басым бағыттан тұрады
Бүгінгі таңда Қазақстанда 7 млн-ға жуық бала тұрады, бұл ел халқының 34%-ы. Соңғы 10 жылда балалар саны 1,5 млн-ға артты. Демографиялық өсім – балалардың қаупсіздігін, денсаулығын, білім алу мүмкіндігін арттыру керегін анық көрсетіп отыр. Сондықтан Мемлекет басшысының тапсырмасымен 2026-2030 жылдарға арналған «Қазақстан балалары» тұжырымдамасы әзірленді. Құжатта қандай мәселелер қамтылған? Рет-ретімен Ақниет Балтанова түсіндіреді.
Ақниет Балтанова, тілші:
«Қазақстан балалары» тұжырымдамасы төрт басым бағыттан тұрады. Біріншісі – балалардың қауіпсіздігі. Осының негізінде барлық мектепте қауіпсіздік сабақтары өткізіледі және кез келген жағдайда «111» сенім телефоны жұмыс істейді. Зорлық-зомбылыққа ұшыраған балаларға 40 көмек кабинетін ашу жоспарланып отыр. Жол қозғалысы қауіпсіздігі мен балалар тасымалын арттыруға бағытталған кешенді шаралар жүзеге аспақ. Бүгінгі таңда 4 өңірде, атап айтқанда, Астана қаласы, Ақмола, Ақтөбе, Батыс Қазақстан облыстарында балалардың құқықтарын қорғау басқармалары құрылды. Қалған өңірлерде наурыз айына дейін ашылады.Екінші бағыт - сапалы білім. Педагогтердің біліктілігін арттыру жұмыстары күшейеді және оқу бағдарламалары жаңартылады. Инклюзивті білім беру бағыты бойынша, психологиялық, медико-педагогикалық консультациялардың желісін кеңейту, коррекциялық қолдау кабинеттері мен аутизм орталықтарын дамыту, сондай-ақ білім беру ұйымдарында балаларды жүйелі түрде сүйемелдеу қарастырылмақ. Ерекше балаларға қызмет керсететін орталықтар лицензияланады.
Үшіншісі – балалардың денсаулығын қорғау. Бұл бағытқа профилактикалық тексерулер, уақsтылы скрининг, тұрақты вакцинация шаралары жатады. Сондай-ақ мектеп медицинасын дамытуға ерекше көңіл бөлінбек. Балалардың психикалық және эмоционалдық саулығын сақтау үшін елімізде 20 психологиялық қолдау орталығы жұмыс істейді. Әр баланы жеке қолдау мақсатында кейс-менеджер лауазымы пайда болады. Педагог-психологтар мен әлеуметтік педагогтарға жаңа талаптар қойылып, олар жылда тағsлымдамадан өтеді.Соңғысы - отбасы институты мен ата-ана жауапкершілігі. 2027 жылдан бастап «Баланың жолы» деп аталатын цифрлық жүйе іске қосылады. Осылайша әр бүлдіршінді, оның отбасылық жайын, бәрін есепке қояды. Ешбір бала қараусыз қалмайды. Ата-ана мен білім ошағы арасында тығыз байланыс орнайды. Айта кетейік, балалардың жазғы демалысын сапалы ұйымдастыру мақсатында сәуірден бастап лагерлерді, ал келер жылы мектепке дейінгі мекемелерді лицензиялау жүзеге аспақ.
Осылайша тұжырымдаманы нақты іске асыру үшін 158 іс-шара жоспарланған.
Автор
Ақниет Балтанова
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Олимпиада: Қазақстандық атлеттер спорттың 5 түрінен бақ сынайды
17.02.2026, 20:54
Софья Самоделкина мұз айдынына шығады
17.02.2026, 20:53
Кіші Арал: «Көкарал» бөгеті 2 метрге көтеріледі
17.02.2026, 20:50
Алтын өндірісі цифрландырылып, өнім көлемі ұлғайды
17.02.2026, 20:48
АҚШ-Иран келіссөзі аяқталды
17.02.2026, 20:47
Жаңа Конституция – ел дамуының жаңа кезеңі
17.02.2026, 20:44
Жаңа Конституция жобасына еуропалық сарапшылар үн қосты
17.02.2026, 20:42
Жаңа Конституция жобасы ғылыми ортада сараланды
17.02.2026, 20:40