Алаяқтықтың жаңа түрі: Банк карталарын бұғаттай бастады
Ұлттық банк банк карталарына қатысты алаяқтықтың жаңа түрі пайда болғанын ескертеді. Алаяқтар әуелі банктің байланыс орталығына клиенттің атынан хабарласып, «картамды жоғалттым» деп мәлімдейді. Карта бұғатталғаннан кейін құқық қорғау органдарының қызметкері болып тұрғынның өзіне хабарласады. Сосын «картаны қайта ашып береміз», «ақшаны қауіпсіз шотқа аударуыңыз керек» деген желеумен жеке деректерге қол жеткізеді. Карта кенеттен істен шыққан жағдайда не істеу керек? Банктің call-орталығына хабарласып, оны өзіңіз емес, өзге біреу бұғаттағанын хабарлаңыз. Кеңес алу үшін Ұлттық банктің 1477 нөмірі арқылы хабарласуға болады.
Автор
Жанел Өтеулі
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Әділет» партиясы орта бизнестің үлесін 20 пайызға жеткізуді ұсынды
05.10.2026, 20:37
Қайтарылған активтер есебінен салынған жаңа стадион іске қосылды
05.10.2026, 20:22
Жаңа технология – ғылымға серпін
05.10.2026, 20:21
Кітап оқып, 10 миллион теңгеге ие бол!
05.10.2026, 20:21
Кітап – алтын қазына
05.10.2026, 20:20
Ұстаз – ұлт болашағының шамшырағы
05.10.2026, 20:18
Ұлағатты ұстаздар марапатталды
05.10.2026, 20:17
Трактор тізгіндеген кейуана ауылдастарына қолғабыс етіп жүр
05.10.2026, 20:16