Жаңа Конституция жобасына еуропалық сарапшы пікір айтты
Қазақстандағы жаңа Конституция жобасын еуропалық сарапшылар да қызу талқылап жатыр. «Ықпалды Парламенті бар Президенттік республикаға көшу, билік тармақтары арасында тепе-теңдікті сақтау әділетті мемлекет құрудың маңызды тетігі», - дейді Брюссельдегі «EUalive» медиа порталының редакторы Георгий Готев. Болгарлық журналист Қазақстанда бір палаталы Парламенттік жүйені енгізу маңызды деп санайды. Сондай-ақ, Жаңа Конституция жобасында заң үстемдігін арттырып, ел азаматтарының мүддесін қорғауға басымдық берілгені жоғары бағаға лайық, деп отыр.
Георгий Готев, «EUalive» медиа порталының құрылтайшысы, редакторы:
Бұл реформалар азаматтық қоғамға ашықтық беріп, саяси партиялардың Парламентке өз өкілдерін сайлау мүмкіндіктерін кеңейтеді. Президент бастама көтергенмен, барлық ұсынысты консультативтік кеңестің талқысына салып, ел азаматтарының референдум арқылы шешім қабылдау тетігі өте маңызды ден санаймын. Бұл елдеріңіздің өз азаматтарының мүддесі үшін адам құқықтарын күшейту жолына түскенін аңғартады.
Автор
Нұрсұлу Қасым
Сондай-ақ оқыңыз
БарлығыӨскеменде экологтар жастарға дәріс оқыды
22.10.2026, 10:11
Алматыда өнертанушы Мұхамеджан Әлімбаевтың 75 жылдығына арналған көрме ашылды
22.10.2026, 10:09
Брюссельдегі әйгілі мүсінге қазақтың шапаны кигізілді
22.10.2026, 10:08
Павлодар облысында тауарларға жеңілдік апталығы жарияланды
22.10.2026, 10:06
Кремль Украина мәселесі бойынша үшжақты келіссөзге дайын
22.10.2026, 10:04
Адамның араласуынсыз тапсырма орындайтын ЖИ жүйелері талқыланады
22.10.2026, 10:01
Мемлекет басшысы әскери реформа мәселелері бойынша Қауіпсіздік Кеңесінің отырысын өткізді
21.10.2026, 23:06
Қоржында - 10 алтын
21.10.2026, 20:30