Ақтөбе еңбек ұжымдары конституциялық жобаны талқылады
Ақтөбедегі еңбек ұжымдары жаңа конституция жобасын талқылап жатыр. Ақпараттық топ мектеп ұстаздарымен де кездесіп, білім саласына қатысты оң өзгерістер туралы айтып берді.
Жаңа Конституция жобасында білім мен ғылым саласына ерекше мән берілген. Бұл өз
кезегінде елдің зияткерлік әлеуетін арттыруға жол ашады, дейді сарапшылар.
Жиында құжаттың негізгі бағыттары сараланды. Ұстаздар қауымы референдумға
белсенді қатысуға ниетті екендіктерін жеткізді. Олардың айтуынша, жаңа Ата Заң
ел азаматтарының сапалы білім алып, құқықтық еркіндігін дамытуға зор мүмкіндік
береді.
Раушан Жәлімбетова, ақпараттық топ мүшесі:
Мектепке бардық жаңа, емханаларға түсіндіру жұмыстарын жүргізіп жатырмыз. Бұдан басқа мәжіліс депутаттары келді, солармен бірлесіп. Мен үшін маңыздысы – отбасыға, балаға, ата-анаға деген мемлекет тарапынан нормалар енгізілді. Соның ішінде неке мен отбасының, баланың, ата-ананың мемлекет қорғауында болатыны нақты көрсетілген.
Автор
Жақсыбек Кемал
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
28 қазанда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауын жариялайды
20.10.2026, 21:29
Павлодарда көпір құрылысының 90% аяқталды
20.10.2026, 20:33
Диас Кенжебек Азия рекордын жаңартты
20.10.2026, 20:27
500 жас бір мезетте Әнұран орындады
20.10.2026, 20:20
Балалар байқауына дауыс беруді сұраған алаяқтар көбейді
20.10.2026, 20:19
Ауыл шаруашылығындағы өнім көлемі 9,8 трлн теңгеге жетті
20.10.2026, 20:17
Астанада 8 оқушылар сарайы жұмыс істеп тұр
20.10.2026, 20:16
Франция: Миграция және интеграция сынағы
20.10.2026, 20:16