Конституциялық комиссия жұмысы сараланды
Жаңа Конституция жобасында адамды, оның өмірі мен құқықтары басты құндылық ретінде көрсетілген. Конституциялық комиссия жұмысының қорытындысы сараланған жиында халықаралық сарапшылар осылай деді. Іс-шарада комиссия отырыстары ашық форматта өткені айтылды. Онлайн трансляцияның 1 миллионға жуық қаралым жинағаны – соған дәлел. Еске салсақ, Конституциялық комиссия барлығы 12 отырыс өткізді. Онда 12 мың ұсыныс қаралды.
Эльвира Әзімова, ҚР Конституциялық Сотының төрағасы, Конституциялық комиссия төрағасы:
Әрбір бағыт бойынша құқықтық және мазмұндық талдау жүргізілді. Бұл ретте халық тарапынан келген ұсыныстар ескерілді. Тұрғындардың мұндай белсенділік танытуы жаңа Конституция жобасын талқылаудың шынайы, ашық әрі мазмұнды сипат алғанын дәлелдейді.
Автор
Жанел Өтеулі
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Құлсарыда жаңа теміржол вокзалы ашылды
21.10.2026, 17:25
Ақмола облысының жастары саятшылыққа әуес
21.10.2026, 17:20
60 велошабандоз көк байрақпен Алматыны шарлады
21.10.2026, 17:19
«Атамекен» әнін 460 оқушы бірге шырқады
21.10.2026, 17:18
Республика күніне орай сауда орталықтары акция өткізіп жатыр
21.10.2026, 17:17
Жамбылдық зейнеткер құс өсіріп, табыс тауып отыр
21.10.2026, 17:15
Елордалық цирк маңайы абаттандырылды
21.10.2026, 17:13
Петропавлда «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында 100 көшет егілді
21.10.2026, 17:12