Елімізге мамыр айында робот таксилер келеді
Елге мамыр айында робот таксилер келеді. Тұрғындар енді жүргізушісі жоқ көлікке отырып, діттеген жеріне жете алады. Жоба әуелі Астана және Алматы қалаларында пилоттық режимде іске қосылмақ. Қандай маркадағы машина сатып алынатыны әзірге белгісіз. Көлік жасанды интеллект негізінде жұмыс істейді. Барлық бағдаршамдарға чип салынады. Олар көлікке белгі беріп отырады. Сондықтан қауіпсіздік жағына алаңдамауға болады, дейді Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі. Соңғы үлгідегі технологиямен жұмыс істейтін мұндай такси қызметі қымбат болмай ма? Министрліктің жауабын тыңдайық.
Камила Әміржан, ҚР Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі комитетінің штаттан тыс кеңесшісі:
Бәріне қолайлы болсын деп осы машиналарға бір тариф қоямыз. Студент болсын, зейнеткер болсын, мұғалім болсын - ыңғайлы және қымбат емес тарифті қоямыз. Бірінші кезең - осы дайындық. Себебі құжаттан басқа, инфраструктура сұрақтары бар. Ал екінші кезең мамыр айында сынақ болады.
Автор
Жанел Өтеулі
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Құлсарыда жаңа теміржол вокзалы ашылды
21.10.2026, 17:25
Ақмола облысының жастары саятшылыққа әуес
21.10.2026, 17:20
60 велошабандоз көк байрақпен Алматыны шарлады
21.10.2026, 17:19
«Атамекен» әнін 460 оқушы бірге шырқады
21.10.2026, 17:18
Республика күніне орай сауда орталықтары акция өткізіп жатыр
21.10.2026, 17:17
Жамбылдық зейнеткер құс өсіріп, табыс тауып отыр
21.10.2026, 17:15
Елордалық цирк маңайы абаттандырылды
21.10.2026, 17:13
Петропавлда «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында 100 көшет егілді
21.10.2026, 17:12