Коалиция мүшелері тұрғындармен кездесті
Жаңа Конституция бүгінгі жаһандық сын-қатер, экономикалық және технологиялық өзгерістер кезеңінде мемлекеттің басқару жүйесін жаңғыртып, қоғам мен билік арасындағы өзара жауапкершілікті күшейтеді. «Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» атты Түркістан өңірлік коалициясы бүгін тұрғындармен кездесіп, қоғам талқысына түскен маңызды құжат туралы кеңінен түсіндірді. Басқосуда жаңа Конституцияның қоғам үшін аса маңызды нормалары талқыланып, ел дамуының жаңа кезеңіндегі басымдықтар сөз болды. Пікір алмасу алаңында адам құқықтарын қорғау мен азаматтардың мүмкіндіктерін кеңейту, әділетті басқару жүйесін қалыптастыру және білім мен технологияға негізделген бәсекеге қабілетті мемлекет құру мәселелері басты назарға алынды.
Еркебұлан Ханділлаев, Түркістан облыстық мәслихатының депутаты:
Қазіргі талқыланып жатқан біздің реформа жайлы, дүйім халқымызға өзіміздің түсіндірме жұмыстарын бастадық. Бұл реформамыздың мақсаты – әділетті Қазақстан құру және мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіру, заң үстемдігін арттыру және біздің азаматтардың, тұрғындарымызға құқықтық міндеттерін кеңейту.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы