Атырау облысында 5 ауылдық округте карантин жарияланып, ет сатуға тыйым салынды
Атырау облысында ірі қара малдың арасында жұқпалы ауру тарады. Індет Құрманғазы ауданында өршіп тұр. Мамандар инфекциялық ринотрахеит екенін анықтады. Осыған байланысты бірнеше елді мекенде карантин жарияланып, ветеринариялық бақылау күшейді.
Құрманғазы ауданы тұрғындарының басты табыс көзі - мал шаруашылығы. Бірақ жыл басталғалы оларда уайым. Өйткені сиырлары шетінен ауыра бастаған. Малдың ауыз қуысына жара шығып, жем-шөп жеуден қалған. Сілекейі шұбырып, ыңырсып тұра береді. Мұндайды алғаш көрген қожалық иелері «тірнектеп жинағанымыздан бір күнде айырылып қаламыз ба?» деп алаңдайды.
Айбек Ахметов, Жапырықты ауылының тұрғыны:
Бір үйден он бас, бір үйден бес бас өсіп келе жатыр. Бұрын-соңды болмаған ауру. Бірінші рет көріп тұрмыз.
Індет Дыңғызыл, Бөкейхан, Еңбекшіл және Құрманғазы ауылдық округтерінде өршіп тұр. Мамандар сынама алып, мұның инфекциялық ринотрахеит екенін анықтаған. Ол малдан-малға ауа арқылы жұғады. Соңғы ақпарға сәйкес, ауру ірі қараның саны 3800-ге жеткен.
Жеткіншек Әжіғалиев, Құрманғазы ауданы ветеринариялық станциясының басшысы:
Жазылғаны 2800. Оларға антибиотик егіліп, әрі қарай симптоматикалық қызметтер атқарылды. Алдын-алу бағытында қосымша вакцина егу жұмыстары жүріп жатыр.
Қазір қоралар жаппай дезинфекцияланып жатыр. Сондай-ақ 4 ауылдық округте карантин жарияланып, ет сатуға уақытша тыйым салынды. Жұқпалы ауру көршілес Исатай ауданы Зинеден ауылына да жеткен. Қазір 60-қа тарта сиыр ауырып тұр.
Нұрсұлтан Нұрсейіт, тілші:
Исатайдағы жұқпалы ауру дерегі ең бірінші осы Хадиша Құсайынованың шаруа қожалығында тіркелген. Шаруагерлер әуелі бір сиырдың ауырып тұрғанын байқаған. Кейін уақыт өте 30 шақты ірі қараға жұққан.
Хадиша Құсайынова, шаруа қожалығының иесі:
Бір сиырдан бастап ауырды. Сосын мал дәрігеріне хабарластым. 30 шақты сиырға дереу дәрілер алдырып, төрт рет қайталадық емді. Қазір жақсы.
Ақпан айында өңірге 12 ауруға қарсы 1 млн 445 мың доза вакцина жеткізілген. Олардың арасында ринотрахеитке қарсы екпе де бар. Қазіргі уақытта облыстағы барлық ауылға вакциналар таратылып, аурудың алдын алу шарасы жүріп жатыр.
Асланбек Шәріпов, Исатай ауданы ветеринариялық станциясының басшысы:
Вирустық диарея және инфекциялық ринотрахейт ауруы мүйізді ірі қара малынан басқа түйе, жылқы малдарына жұқпайды. Сонымен қатар адамға жұғу деректері тіркелген жоқ.
Аурудың әзірге қайдан келгені белгісіз. Құрманғазы транзиттік дәліздегі аудан. Яғни Ресейден көлік ағыны көп. Облыстағы атқамінерлер індеттің сол көрші елден келуі ықтимал екенін айтады.
Автор
Нұрсұлтан Нұрсейіт
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Referendum2026.kz ресми сайты іске қосылды
16.02.2026, 20:49
Коалиция мүшелері тұрғындармен кездесті
16.02.2026, 20:47
Цифрлық технологиялар заманында жеке деректер Конституциямен қорғалады
16.02.2026, 20:45
Елімізде баламасы жоқ ерекше зауыт ашылды
16.02.2026, 20:41
Олимпиадада 30-ға жуық рекорд тіркелді
16.02.2026, 20:32
«Ордабасы» футбол клубы жекенің қолына өтті
16.02.2026, 20:30
Конституциялық комиссия жұмысы сараланды
16.02.2026, 20:17
Әлем жаңалықтарына шолу
16.02.2026, 20:15