Олимпиадада 30-ға жуық рекорд тіркелді
Милан қаласында XXV қысқы Олимпиаданың шорт-тректен ерлер арасындағы 500 метрге іріктеу жарысы аяқталды. Енді спортшыларымыз Абзал Әжғалиев пен Денис Никиша ширек финалда өнер көрсетеді. Олимпиада ойындарындағы әсерлі сәттер мен қызықты ақпараттарға Азамат Бейбітұлы шолу жасайды.
Азамат Бейбітұлы, тілші:
Италияда өтіп жатқан қысқы Олимпиада ойындарында рекордтар бұзылып, өте қызықты әрі тартысты оқиғалар болып жатыр. Бұл Олимпиадада норвегиялықтардың бағы жанып тұр. Мысалы, шаңғышы Йоханнес Клебо Олимпиадада ең көп жүлде алған спортшы атанды. Ол әлемдегі тұңғыш 9 дүркін Олимпиада чемпионы болды. Ал Бразиялия тарихында алғаш рет Олимпиададан алтын алды. Спортшысы тау шаңғы жарысынан үздік болды. Италиялық Франческа Лоллобриджида туған күнінде бірінші орын алып, өз елінің алғашқы алтын медалін және Олимпиада рекордын сыйлады. Тағы бір италиялық шаңғышы Федерика Бриньоне ауыр жарақаттан кейін үлкен спортқа оралып, екінші алтын медалін жеңіп алды. Бұл ойындардың ең эмоционалды, ең әсерлі камбэктерінің бірі болды. Небәрі 17 жастағы кореялық Чхве Га-он сноубордта фаворитті жеңіп, сенсациялық алтын алды. Ал АҚШ-тың 17 жастағы сноубордшысы сынған қолмен өнер көрсетіп, аз ғана ұпаймен жүлдеден тыс қалды. Мұндай жанкештілік көрерменге өте қатты әсер еткен оқиға болды. Жалпы, Олимпиадада спорт түрі көп. Солардың ішінде аудиториясы үлкен спорт - мәнерлеп сырғанау. 2 дүркін Әлем чемпионы, Милан Олимпиадасының командалық жарыстағы чемпионы Илья Малинин Ақ ойындардың жекелей сынында 8-орын алды. Әу баста оны сарапшылар абсолютті чемпион, 7 рет төрттік секірісті жасайды деген еді. Бірақ біздің спортшымыз Михаил Шайдоров сенсация жасады. Араға 32 жыл салып қазақтың Әнұраны Олимпиадада шырқалды. Кей сарапшылардың айтуынша, Малининннің сүруіне Михаилдің тактикасы, тәуекел жасаған шешімі әсер еткен. Бұған дейін Малинин Мишаның 5 рет төрттік орындағанын көрмеген. Еркін жаттығуда, яғни жарысқа бір күн қалғанда соны көріп, секемденіп қалған көрінеді. Спортшымыз еркін айналымда еркін көсіліп, таза сырғанағанын аңғарған соң Малинин психологиялық жағынан тағы да соққы алды. Бұл - жарыса жазып жатқан сарапшылардың пікірі. Мұз бар жерде, сырғы бар жерде сүріну де қасқағым. Ең бастысы біздің спортшымыздың талай жылдық еңбегі ақталып, елдің еңсесін тіктеп, тарихи медальді алды. Тағы да қанжығамыз майланар деген үміт бар. Олимпиададағы жорығымыз әлі жалғасады!
Автор
Азамат Бейбітұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Referendum2026.kz ресми сайты іске қосылды
16.02.2026, 20:49
Коалиция мүшелері тұрғындармен кездесті
16.02.2026, 20:47
Цифрлық технологиялар заманында жеке деректер Конституциямен қорғалады
16.02.2026, 20:45
Атырау облысында 5 ауылдық округте карантин жарияланып, ет сатуға тыйым салынды
16.02.2026, 20:43
Елімізде баламасы жоқ ерекше зауыт ашылды
16.02.2026, 20:41
«Ордабасы» футбол клубы жекенің қолына өтті
16.02.2026, 20:30
Конституциялық комиссия жұмысы сараланды
16.02.2026, 20:17
Әлем жаңалықтарына шолу
16.02.2026, 20:15