Жамбыл облысында 10 ауылдық округ әкіміне айыппұл салынды
Жамбыл облысында «Таза Қазақстан» акциясы басталғалы бейберекет қоқыс тастау бойынша Мойынқұм ауданы көш басына шыққан. Өйткені ауданда қоршаған ортаға немқұрайлы қараған 10 ауылдық округ әкімі айыппұл арқалаған.
Жалпы, облыстық Экология департаменті жүргізген рейдтік шаралардан аймақ бойынша 25 ауылдық округ әкіміне 4 млн 800 мың теңгеге жуық айыппұл салынған. Зерделеу барысында шенділер қоқыс орындарын тазартуға асықпаған. Құзырлы мекеме мамандары мемлекеттік қызметшілердің жауапкершілігі жайлы бүгін жастармен өткен кездесу барысында айтты. Жалпы, облыс бойынша былтыр рұқсат етілмеген орындарға қоқыс тастаудың 300-ден аса дерегі анықталған.
Ақерке Қырғызбаева, Жамбыл облысы Экология департаментінің бас маманы:
Облыс аумағында 109,4 мың адам іс-шараға қатысты. Оның ішінде 56 тарихи-мәдени ескерткіштер, 105 мың шаршы метр тұрғын үй аулалары, 31 мың шақырым көше жолдары, 858 шақырым арық жүйелері мен каналдар тазартылды. Жалпы, облыс аумағында осы уақытқа дейін 12,1 мың тонна күл, қоқыс шығару жұмысы жүргізілді.
Автор
Данияр Әлімқұл
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ұлттық құрама 16 рекорд жаңартты
15.08.2026, 20:19
Абай облысында тазалық акциялары түрленіп келеді
15.08.2026, 20:18
Елордада Шәмші әндері жаңаша форматта шырқалды
15.08.2026, 20:18
Бүгін қазақ вальсінің королі Шәмші Қалдаяқовтың туған күні
15.08.2026, 20:17
Алматы облысында жаңа мәдениет үйі пайдалануға берілді
15.08.2026, 20:14
Шеберлер мен зергерлер туындыларын жәрмеңкеде саудалады
15.08.2026, 20:13
Заң мен тәртіп – әділетті қоғам негізі
15.08.2026, 20:08
Неке және отбасы құндылықтары Конституция деңгейінде қорғалған
15.08.2026, 20:06