Ақтөбелік сарапшылар Конституция жобасын талқылады
Ақтөбеде сарапшылар мен ғалымдар жаңа конституция жобасын талқылады. Бұл шара Құдайберген Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінде өтті.
Жиында арнайы баяндама жасаған Конституциялық комиссия мүшелерінің айтуынша, жаңа заң жобасына қатысты он мыңнан аса ұсыныс түскен. Әсіресе ғылыми қауымдастық өкілдері белсенді болды. Ел бойынша 23 мыңнан аса ғылыми қызметкер, 47 мың профессорлық-оқытушылық құрам мен 9 мыңнан аса докторант бар. Ал студенттер саны 700 мыңға жуық. Жаңа заң жобасы бұл саланың ұзақ мерзімді даму жоспарын айқындауға жол ашады, дейді мамандар. Яғни ғылым мен білімнің, адами капиталдың негізгі стратегиялық басымдықтар қатарына қосылуы салаға жаңа серпін береді.
Лаура Қарабасова, Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің ректоры:
Соңғы 5-6 жылда ғылымға қолдау айтарлықтай күшейді. Бұл ғылымның қаржыландырылуы, ғалымдарға жасалған көмек, тұрғын үймен қамтамасыз ету, қаржыландырылатын гранттардың барлығы ғалымдардың әл-ауқатын арттыруға алып келе жатқан шаралар. Енді бұның конституцияда басты басымдықтар ретінде бектілуі бізге тұрақтылық сыйлайды.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы