Премьер-министр елорданың энергетика инфрақұрылымын тексерді
Биыл ел аумағында жылыту маусымы тұрақты. Бүгін Премьер-министр Олжас Бектенов елорданың сол жақ жағалауына жылу тарататын 3-жылу электр орталығының жұмысымен танысып, негізгі жабдықтарын қарап шықты. Табиғи газбен жұмыс істейтін станция қаланың Шыңғыс Айтматов көшесі, Ұлы Дала, Тұран даңғылдары бойындағы және өзге де перспективалы құрылыс аудандарын жылумен қамтамасыз етіп келеді. Қазіргі таңда 4 қазандық қалыпты жағдайда жұмыс істеп тұр. Биыл жобаның 1-кезегі толық аяқталып, 2-кезегі басталмақ. Осылайша бұл нысан қаланың бұған дейінгі энергия тапшылығын толығымен жауып отыр. Биыл нысанда көмірді резервтік жағдайға балама отын ретінде пайдалану көзделген. Жалпы, Астананы сенімді жылумен қамтамасыз ету үшін үш жылу электр орталығы және екі газ жылу стансасы бар. Қаланың қарқынды өсуіне байланысты тағы бір газ жылу стансасының құрылысы жүріп жатыр.
Біз 2023 жылы іске қосылғалы бері газбен жақтық алғашқы қазандықтарды. 2023 жылдан бастап 3-жылу маусымды өтіп жатырмыз ғой газбен. Көмірге өткізу осы жылдың жоспарында бар.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы