Басты Жаңалықтар ШҚО-да жұмыссыздық деңгейі төмендеп келеді

ШҚО-да жұмыссыздық деңгейі төмендеп келеді

Шығыс Қазақстан облысында ауыр техника жүргізушісі, білікті құрылысшы және шопан мен бақташы жетіспей жатыр. Сондықтан аудан әкімдіктері мен салалық басқармалар тоқсан сайын бос жұмыс орны жәрмеңкесін өткізіп келеді. Нәтижесінде былтыр өңірде 22 мың тұрғын тұрақты және 8 мың адам уақытша  жұмысқа тұрды. Қазір аймақта халықты еңбекпен қамтуға бағыттайтын 13 орталық жұмыс істейді. Былтыр осы орталық 13 мың адамды тұрақты жұмысқа орналастырған. Ал былтыр оңтүсік облыстардан 800-ге жуық адам көшіп келген. Оларға мемлекеттен баспана беріліп, тұрақты жұмысқа орналастырылды. Жалпы өңірде бүгінде жұмыссыздық деңгейі 4,6 пайыз. Бұл республикалық көрсеткіштен төмен.

Альмира Мусинова, облыстық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасының басшысы:

2026 жылға біз 17 мыңнан астам жаңа жұмыс орнын ашып, жұмыссыз жүрген азаматтарды жұмысқа орналастырамыз деп жоспарлап отырмыз. Әрине әлеуметтік саланы жұмыспен қамту мәселелерінің проблемалары жүреді. Көп балалы аналарға көмек көрсету, мүгедектігі бар жандардың техникалық оңалту құралдарымен қамтамасыз ету осындай жұмыстарды атқарып жатырмыз.


Бөлісу