Басты Жаңалықтар «Референдум 2026» онлайн-марафонына арналған шығарылымдар легі осымен тәмам

«Референдум 2026» онлайн-марафонына арналған шығарылымдар легі осымен тәмам

Қадірлі көрермен, жаңа Ата заң жобасы кеңінен талқыланған «Референдум 2026» онлайн-марафонына арналған шығарылымдар легі осымен тәмам. Ұлттық арна күндізгі сағат 12.00-ден бастап әр сағаттың басында тікелей эфирге шығып, хабар таратты. Әріптестерім онлайн-марафонынан тікелей қосылымдарға шығып, спикерлердің ой-пікірін жеткізді.
Пікір алмасулар аясында жаңа құжат - ашық әрі жан-жақты талданды. Конституциялық комиссия мүшелері, қоғам қайраткерлері, заңгерлер мен сарапшылар жиналған 100-ге жуық спикер бір алаңда бас қосқанын айта өтейік.
Ал, онлайн-марафон 18-00ге дейін жалғасады. Оны отандық телеарналар мен ірі интернет-порталдардың ресми сайттарында және әлеуметтік желідегі парақшаларда көре аласыздар! Ал, Күннің басты жаңалықтары әдеттегідей 20.00-де. Жүздескенше!

Бөлісу